Ақтөбе жастары аз қамтылған отбасы балаларының шашын тегін алып берді

Ақтөбе жастары аз қамтылған отбасы балаларының шашын тегін алып берді

Ақтөбедегі белсенді жастар тағы да бір қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Игі бастаманы көтерген «My Bro» барбершоп ұжымы мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы. Аз қамтылған отбасы балаларының шашын тегін алуға бекінген жастар бұл шара әр ай сайын өткізіліп тұратынын айтты.

Қаладағы №38 және №23 мектеп оқушыларынан ұсынылған 50 балаға қуаныш сыйлады. Заман үлгісіне сай алынған шаш үлгілерімен қатар, оқу құрал-жабдықтары табыс етілді.

 

Пікір қалдырыңыз