Ақтөбе дәрігерлері сары аяз бен көк тайғақта абай болу керектігін ескертеді

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасынан аяз маусымына байланысты көмек сұраушылар көбейген. Алғашқы көмек бөліміне бір күнде 30-ға жуық адам келеді. Демалыс күндері дәрігер көмегіне жүгінгендер саны 70- тен асқан.

«Демалыс күндері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт адам түсті. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Тағы да жарақат алған үш адам түсті, оның ішінде спортпен айналысатын екі адам жарақат алған, бір адам қайнаған суға күйіп қалған», — дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Мамандар ауа райына байланысты тайғақтан жарақат алатын адамдардың да аз емес екенін айтуда. Дәрігерлер ересек адамдардың тайғақ күндері қарапайым сақтық шараларын сақтауын ескертеді.

фото: zp.vgorode.ua

Пікір қалдырыңыз