Жаттығу кезеңінен өту үшін Түркияға аттанған «Ақтөбе» футбол клубы келеңсіз жағдайларды басынан кешірді

Сәтсіз жағдайлардан соң жеткен «Ақтөбе» футбол клубы жаттығу кезеңдерін бастап кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығынан футболшыларға ұшақ рейсін алты жарым сағатқа кешігіп күтуге тура келген. Жаңбырдың нөсерлі болуы салдарынан ұшақтың қонуы да қиын болып, аспанда бірнеше рет айналып жүрген.

Бүгін алғашқы жаттығулар басталады. Бір күндік кіріспе жаттығудан соң, әрі қарайғы жаттығулар күніге екі мезгілден өтіп тұрмақ.

Клуб Түркиядағы осы оқу-жаттығу жиыны кезінде төрт жолдастық кездесу өткізеді. Алғашқы қарсыласы албаниялық «Скендербеу» командасы. «Скендербеу» биыл «Қайратты» Еуропа лигасынан шығарып жіберген болатын.

Пікір қалдырыңыз