Ақтөбе әкімдігінің аумағынан денесі табылған күзетші бүгін жерленеді

Ақтөбе әкімдігінің аумағынан денесі табылған Байбек Қарымсақовты жерлеу рәсімі бүгін өтеді. Марқұмның денесі кеше туыстарына табысталды.

«Мен сенбеймін. Ол екі ұлының көзін қиып кете алмайды. Балаларын қатты жақсы көреді. Сол күні түсте хабарласып «Балаларды сабаққа апардың ба?» деп сұраған болатын. Кешке жұмыстан кешіккен кезде мен онымен хабарласа алмадым. Қас қарая туыстарымыз қаралы хабарды жеткізді», — дейді марқұмның әйелі Бағдагүл Жұбанова.

Естеріңізде болса, 2018 жылдың 8 қаңтарында Ақтөбе қалалық әкімдігінде кезекшілікте тұрған күзетшісінің денесі табылған болатын. «Күзет» қызметінің басшылары оқиғаға қатысты «суицид жасады» деген ресми мәлімдеме таратты. Туыстары болған жайға сене алар емес.

Байбек Қарымсақов Ырғыз ауданының тумасы. «Күзет» қызметінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келген. Марқұм 10 қаңтар күні 35 жасқа толар еді.

Байбекті жерлеу рәсімі анасының үйінде Черемуха көшесінде өтеді.

Пікір қалдырыңыз