Көлігіне заңсыз қару салып жүрген ақтөбелік азамат ұсталды

Ақтөбелік азамат еш жерде тіркелмеген заңсыз қару сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Ол аңшы мылтығын машинасына салып жүрген.

Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты «Сарытоғай» шаруа қожалығының қасында тұрғынның «ВАЗ-21312» маркалы автокөлігінің ішінен суық қару табылған. Ол атуға жарамды, ішкі істер органында тіркелмеген, тегіс ұнғылы дара ауызды «Иж» маркалы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтаған.

Заңсыз қару сақтаған азаматтың ісі Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қаралған.
Сот қаулысымен кінәлі деп танылғана азаматтың мылтығы тәркіленіп, оған 45 380 теңге айыппұл салынды.

Пікір қалдырыңыз