Ақтөбеде Құран және азан оқудан республикалық жарыстар өтеді

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне 10 жыл толуына байланысты республикалық Құран және азан оқу жарыстары өткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық Құран және азан жарыстары секілді ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жайлы «Іс-қағаздар жүргізу тәртібі» атты мешіт қызметкерлеріне арналған облыстық оқыту семинарында талқыланып пысықталды.

2008 жылы қасиетті рамазан айында  орталық мешіттің ашылу салтанатына екі ел – Қазақстан мен Ресей Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Д.А.Медведев қатысып, халықты қуаныштарымен құттықтаған болатын.

Халық қаржысыныа салынған мешітке жұма және айт намаздары кезінде 4 000 жуық адам емін-еркін құлшылық жасай алады.

Пікір қалдырыңыз