Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында киіктерді заңсыз ату деректері тіркелді

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында белгісіз адамдар киікті атып, мүйізін кесіп алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары Ырғыз ауданындағы Жыңғылды көлі маңынан 5 киіктің өлексесі табылғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталған жоқ.

Инспекторлардың хабарлауынша, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз