қаңтар 3, 2018

Ақтөбеде мазут цистернасы жарылып, дəнекерлеушінің денесі шашылып қалды

Оқиға мереке күндері болған. Ақтөбе қаласы 41 разъезде орын алған оқиғадан зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады. «Оқиға 2 қаңтар күні сағат 12:06 шамасында тіркелді.  Хабар жеткен бойда  мамандар оқиға орнында болды. Бірақ, зардап шегушіні құтқарып қалу мүмкін болмады. Денесін қатты күйік шалған азамат жедел жəрдем қызметі жеткенше көз жұмған», — деп хабарлайды «103» қызметінен Дастан Неталиева. 41 жастағы ер адам сол күні бензовоз цистернасын дəнекерлеу үшін ішіне кірген. Жедел жəрдем

Ақтөбелік белсенді жастар: «Жаңа жылда Аяз Ата емес, азық-түлік күтетін мұқтаж жандар бар»

Ақтөбе қаласында қайырымдылық жұмыстарымен айналысып жүрген ерікті жастар мереке қарсаңында мұқтаж отбасыларға арнап азық-түлік таратты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жаңа жыл мейрамы қарсаңында «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы арнайы құрбандық шалып, 5 отбасыға азық-түлік таратты. Жастардың айтуы бойынша, көмекке зәру отбасылар Аяз атаға қарағанда, азық-түлікті күтетінін аңғарған. «Арнайы кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілген шара әлі де жалғасады. Қоғамда көмекке өте мұқтаж отбасылар көп. Бізден көмек сұрайтындардың саны артып жатыр. Егер, мол мүмкіндік болып

Оңтүстік Африкада соғысқан ақтөбелікке сыйлық табысталды

Өмірінің 36 жылын әскерге арнаған Қажымұқан Сәтеновтың еңбегі еленіп жатыр. Жаңа жыл мерекесінде Ақтөбе облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери ардагерлерді бір қуантып қойды. Атап айтқанда, облыстық әскери департментті 10 жыл бойы басқарған Қажымұқан Сәтеновке зор еңбегі үшін мадақтама қағазы мен сыйлық табысталды. «Департамент мұндай шараларды мейрам сайын дәрстүрлі түрде ұйымдастырады. Қолдан келсе, осылай ардагерлердің үйіне барамыз. Немесе департаментке қонақ болуға шақырамыз. Ешкім де ұмытылмайды», — деді департамент бастығының атынан

Ақтөбеде коммуналдық төлемдердің бәрі қымбаттады

Ақтөбеде коммуналдық тарифтер көтерілді. Өсім 2-10 пайызды құрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Қаңтар айынан бастап өсім бар. Бәрі 2016-2020 жылдарға арналған жоспарлы өсім. Салқын су 3 пайызға қымбаттады. Тұрғындар үшін ҚҚС есептемегенде 2 теңге 13 тиын қосылады. Ал өзге тұтынушылар үшін 9 теңге 7 тиынға өседі. Қазір жүйесінің бағасы 7,3 пайызға көтерілді. Тұрғындар үшін 4,35 теңге, ал өзге тұтынушылар үшін 22,24 теңге қосылды», — деді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті

Ақтөбенің бас имамы қала әкімінен мешіт қамқорлығына бір жетім бала сұрады

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Еліміздің әр бөлігінде дін саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет қылған имам бұндай игілікті шараны алғаш көріп тұрғанын жасырмады. Тіпті, қалалық мешіттің қамқорлығына бір бала алғысы келетіні туралы ұсыныс тастады. «Қалалық мешітке де бір бала берсеңіз. Оның көңілін де, қарнын да тойғызамыз деп Ілияс Сапарбекұлының (Испанов — Ақтөбе

Әйелі тастап кеткен соң инсульт алған қариядан бес баласы да бас тартты (фото)

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта 200-ден аса адам тұрады. 63 жастан асқан Жәнібек Кеулімжайовтың да осы орталықты паналағанына үш жылдан асқан деп хабарлайды NUR.KZ. — Жақында ауылға барып келдім. Шешемнің басына барып құран оқыттым. Биыл қайтқанына үш жыл болды. Басына балаларымды, әйелімді апардым. Шешем қайтқаннан кейін осы жаққа келген едім. Оның алдында әйелім «кетемін» деді. Сол кезде «кетемін» деген әйелді ұстап тұра алмадым. Ол ажырасып кеткеннен кейін мен

Жаңажылдық мереке күндері Ақтөбеде екі адам қатты келе жатқан пойыздың астында қалды

Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні тіркелген. Автовокзал ауданындағы теміржол бойынан өтіп бара жатқан екі адамды қатты келе жатқан пойыз басып кеткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Оқиға 2 қаңтар күні сағат 13:49 шамасында тіркелді. Теміржол бойынан өтіп бара жатқан екі адамды пойыз қағып кеткен. Әзірге кім екені анықталмаған ер адам оқиға орында қаза тапты. Ал 66 жастағы әйел адам ашық ми жарақаты және әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған әйел