«Ақтөбе» ФК бас директоры қызметіне Самат Смақов тағайындалуы мүмкін


Жаңа жылдан кейін Самат Смақов футболшы қызметін аяқтап, жаңа қызметке тағайындалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Самат Смақовтың футболшы мансабы аяқталғанымен, осы саладан кетпейді. Кезінде ақтөбелік жанкүйерлеріне қайтып келуге уәде берген футболшы бұл жолы жоғары қызметке тағайындалады.

Ол «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болмақ.

Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды.

Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.

Пікір қалдырыңыз