Ақтөбеде жеке концертін берген балалар үйінің тәрбиеленушісін туған анасы іздеп келді

Ақтөбе қаласында өткен Бернар Өтешовтың жеке концертінде туған анасы ерекше қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Темір ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Бернар Өтешовтың бала күнгі арманын орындау мақсатында Ақтөбе қаласындағы «Жүректен Жүрекке» еріктілер тобы арнайы жеке шығармашылық кешін ұйымдастырды.

Арнайы кешке Бернардың қуанышын бөлісу үшін туған анасы іздеп келді. Ұзақ жылдар бойы көрмеген ана мен баланың сағынышын көрген көрермен көзіне жас алды. Үлкен қателіктерден кейін жасаған ісіне өкінетін анасы кешірім сұрады.

Концерттен түскен қаржы Бернардың жеке есепшотына аударылды.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз