Ақтөбе тұрғыны қатты пісіп, күйіп кеткен тамағының иісінен уланып қалды

Ақтөбе тұрғыны газ плитасына қойған тамағын ұмытып кетсе керек, қатты пісіп, күйіп кеткен астың иісінен уланып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Хамида Ищанованың айтуынша, үй иесі газ үстіндегі тамақты ұмытып кеткен. Зардап шегушіге көмек көрсетілді.

Жалпы, облыс аумағында өрт оқиғасы 41%-ға көбейген. Былтыр 534 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл 750-ден асып отыр. Соңғы 11 айдың ішінде өрт салдарынан 15 адам зардап шекке, 16 адам көз жұмған.

«Алдағы мереке күндері өрт қауіпсіздігін сақтауларыңызды сұраймыз. Пиротехникалық өнімдерді кепілдік беретін дүкендерден алғаныңыз жөн», — деп ескертеді құтқарушылар.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз