Ақтөбеде дін атын жамылып, сақал қойған нашақор дәулетті азаматтарды қорқытпақ болған

Фото: elana.kz

Ақтөбеде «Халил» лақап атын жамылған күдікті ұсталды. Ол сақал қойып, дін атын жамылып, Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе тәртіп сақшылары 25 жастағы жігітті ұстады. Одан аңшы қаруы мен оқ-дәрі, есірткі заттары табылды. Сонымен қатар, діни кітапша тәркіленді.

Полицияның мәліметінше, «Халил» атын жамылған күдікті Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазір оған қатысты «Қаруды заңсыз пайдалану», «Есірткі заттарын заңсыз алып жүру» баптары бойынша тергеу басталды.

Пікір қалдырыңыз