желтоқсан 11, 2017

Жоғарғы сот пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылары ауысты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Конституциялық кеңес төрағасы етіп тағайындады. Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарлауынша, Назарбаев бұған қоса Алик Шпекбаевті мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы етті. Шпекбаев бұған дейін осы агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қайрат Мәми бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы болған. Бүгін бұның алдында президент Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы етіп осы кезге дейін бас прокурор болған Жақып Асановты тағайындаған. Аzattyq.org

Асанов Жоғарғы сот төрағасы, Қожамжаров бас прокурор болды

азақстан бас прокуроры Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа Жақып Асановтың кандидатурасын Жоғарғы сот төрағалығына ұсынып, сенат оны қолдады. Жақып Асановтың орнына бас прокурор болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Ол бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған. Жақып Асанов бас прокурор қызметін 2016 жылдың сәуірінен бері атқарды. Аzattyq.org

В Актюбинской области введена в строй газораспределительная станция в городе Алга

Национальный оператор АО «КазТрансГаз» в рамках долгосрочного и взаимовыгодного сотрудничества по реализации проектов строительства объектов газификации с акиматом Актюбинской области, реализации инвестиционного проекта «Газификация населенных пунктов и модернизация газораспределительных сетей Актюбинской области», ввел в строй автоматическую газораспределительную станцию (АГРС) в городе Алга, производительностью 30 тысяч кубометров газа в час. Эта вторая АГРС в Актюбинской области, введенная в текущем году. АО «КазТрансГаз», выполняя поручение Президента, реализовал данный проект в целях увеличения

Бердібек Сапарбаев құрылыс басқармасының жетекшісіне: "Қолыңды қалтаңнан шығарып тұр"

Құрылыс саласына жауапты шенеунік Нұртас Сейітов бүгін облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтан оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Алға ауданындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысуға барған Бердібек Сапарбаев облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртас Сейітовке жұмыстағы олқылықтар үшін біраз кейіді. «Кабинеттен шықпайсыңдар, бір емес, бірнеше ескерту жасадым, неге нәтиже шығармайсыңдар», деп кейіді облыс басшысы. Қолын қалтасына салып тұрған шенеунікке Сапарбаев «шығар қолыңды, қалтаңнан» деп де сөйледі.

Ақтөбеде дін атын жамылып, сақал қойған нашақор дәулетті азаматтарды қорқытпақ болған

Ақтөбеде «Халил» лақап атын жамылған күдікті ұсталды. Ол сақал қойып, дін атын жамылып, Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе тәртіп сақшылары 25 жастағы жігітті ұстады. Одан аңшы қаруы мен оқ-дәрі, есірткі заттары табылды. Сонымен қатар, діни кітапша тәркіленді. Полицияның мәліметінше, «Халил» атын жамылған күдікті Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазір оған қатысты «Қаруды заңсыз пайдалану», «Есірткі заттарын заңсыз алып жүру» баптары бойынша тергеу басталды.

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Олимпиада чемпионы, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бахтияр Артаев Prosports.kz порталына берген сұхбатында жат ағымның соңында жүрген қазақстандық спортшылардың өте көп екенін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ. — Қазіргі таңда ел іргесіне аяқ басып үлгерген теріс пиғылды ағымдар қатарына сіз секілді көпшілікке танымал немесе күші мығым, денелі, спортта дәрежесі бар азаматтарды тартатын сияқты. Осындай жағдайды байқадыңыз ба? Көзқарасыңыз қандай? – Өте орынды және мені де мазалайтын сауал. Қазіргі кезде әлгі кері

Ақтөбе облысында көз жұмған оқушының туыстары: «Шалқар ауданының педагогтары өтірік айтып отыр»

Шалқар ауданындағы мектепте қайтыс болған 10 сынып оқушысы Жылқыбай Нағашыбаевтың туыстары марқұмның жүрек ауруына қатысты есепте болмағанын айтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Білім бөліміндегілер журналистерге бала жүрек талмасына қатысты есепте болған деп ақпарат таратты. Баланың еш жері ауырған емес. Ауырып, дәрігерге қаралған жоқ. Жүрек ауруымен есепте тұрған жоқ. Ол сол күні таңертең сағат 8-ге таман үйден әдеттегідей күліп шығып кетті. Екі сағаттан кейін хабар келді. Әкесі жүгіріп барғанша кетіп қалған»,-