желтоқсан 6, 2017

Қазақстанның алты қаласын аралаған керуен Ақтөбеге келді

«Керуен» атты үлкен жәрмеңке Ақтөбе қаласына келіп, өнімдерін жергілікті тұрғындарға ұсынып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қазақ қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көші осы уақытқа дейін Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Құлсары, Орал, Ақсай қалаларын аралаған.  «Бұл үлкен жәрмеңке. Әрбір қалада бес күннен өткізіп келе жатырмыз. Ең бірінші ата-салтымыз, мәдениетіміз, үлкен бір сара жол. Экспо-2017 көрмесі біткеннен кейін бүкіл еліміздегі қолөнершілер мен зергерлердің өнімдерін жинадық. Өзімізде шығып жатқан Қазақстанның бренд киімдері мен

Ақтөбелік полицей жекпе-жектен әлем чемпионатында топ жарды

Полиция лейтенанты Мирас Ұлықпанов алтын медаль тақты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 1-3 желтоқсан аралығында Атырау қаласында «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен Әлем чемпионаты өтті. Тоғыз елден келген 100-ден аса спортшылар күш сынасқан додада Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады. Сегіз қазақастандық алтын медаль жеңіп алды. Солардың қатарында ақтөбелік Мирас Ұлықпанов та болды. 25 жастағы лейтенант бұған дейін де Азия чемпионаттарында олжалы болған. Қазіргі таңда, ол 2018 жылдың наурыз айынан жоспарланып отырған, «Жекпе-жек»

Ақтөбеде мыңнан аса намазхан жігіт балаларына алимент төлемей безіп жүр

Ақтөбеде баласына алимент төлемей қашып жүрген намазхан жігіттердің саны мыңнан асып жығылады. Сол себепті облыстық дін істер басқармасы имамдарға отбасы құндылықтарына қатысты уағыздарды көбейтуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды. «Қазіргі таңда біздің жұмысымыз дін істер басқармасы болғаннан кейін қоғамдағы барлық діндердің тең жұмыс жасауын қамтамасыз етеміз. Ислам дінінің қазақ қоғамында алар орны ерекше. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге діннің де қызмет етуі қажет деп санаймын. Қазір

Ақтөбе облысындағы «Бозой» жерасты қоймасы транзиттік және экспорттық газ көлемін арттырады

Ақтөбе облысында «Бозой» жерасты газ қоймасы іске қосылды. Жаңа қойма еліміздің батысы мен оңтүстігіне үздіксіз газ жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде Ресей, Қытай, Өзбекстанға тасымалданатын транзиттік және экспорттық газдың көлемі артады. «Бозой» жерасты газ қоймасындағы жаңа қондырғы тәулігіне 27 миллион текше метр газ жеткізіп, айдауға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің батысы мен оңтүстігін үздіксіз газбен қамтамасыз етуге арналған жаңа жоба. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз» АҚ жобаны

Қазақстандағы мұнай жабдықтар зауытында өндіріске қажетті құбырлар сынамадан өтеді

Қазақстандағы мұнай жабдықтары зауыты өндіріске қажетті құбырларды сынақтан өткізіп, өңдейді. Негізгі шикізат Қытай мен Ресейден тасымалданады. Ал дайын өнім Атырауға жөнелтіліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қазақстандағы мұнай жабдықтары зауытына қытайлық инвесторлар 16 миллиард теңге жұмсады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, қазір өндіріс орнында дайын құбырлар сынамадан өткізіліп жатыр. Құбыр өңделіп, қысымға төзімділігі тексерілген соң тапсырыс берушілерге жөнелтіледі. Құбырлардың диаметрі әртүрлі. Шикізат Қытай мен Ресейден тасымалданып жатыр. Инвестицияны «Shengyuan Technology Co.,Ltd» компаниясы

Еріктілер күні Ақтөбенің белсенді жастары алғыс хаттармен марапатталды

Еріктілер күніне орай түрлі салада белсенділік танытып жүрген жастар марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысында еріктілер қызметінің ауқымы кеңейіп, жыл өткен сайын үлесі мен саны артып келеді. Қоғам игілігі үшін қызмет қылып жүрген жастарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. «Жүректен жүрекке», «Рахым нұры», «Ақтөбе қайырымды жандары» атты еріктілер топтары жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жалғызбасты қарттар, мұқтаж жандар

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалары бар 250 анаға кеш ұйымдастырылды

Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Ана жүрегі» атты кешке 250 ана қонақ болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Шараны «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кеш барысында сәбидің сырқатымен күресіп жүрген аналар өздерінің қиын тағдырларымен бөлісіп, бір-бірімен ой алысты. Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қайсар аналарға құрмет көрсетілді. Қазіргі таңда «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінде 320 бала тіркеуде тұр. Арнайы логопед, дефектолог, психолог, массаж, ЛФК мамандары сырқат балалармен жұмыс жасайды. Әлішер Садық,