желтоқсан 4, 2017

Бір айдың ішінде ақтөбелік полицейлер қаруы бар 100-ге жуық тұрғынды жауапкершілікке тартты

Облыс бойынша 8 мыңнан астам тұрғынның қарулары тексерілді. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. 8 мыңнан астам тұрғынның 99-ы жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы қаруды талапқа сай сақтамаған. Сондай-ақ, қаруды тіркеу ережесін бұзған 23 адам жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған екі қару табылды. 50 қару тәркіленді. Сақтау ережелері түзелмейінше, бұл қарулар ішкі істер органдарында жатады. Аталған шара қаруы бар барлық азаматтарды тексеріп болғанша, жалғаса береді. Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Толпа зевак снимала на видео, как мужчина тонет в реке в Актобе

Актюбинец едва не утонул в реке Саздинке в Актобе. Его спасли два сержанта полиции. Пока полицейские рисковали жизнью, десятки людей наблюдали за происходящим, снимая все на камеру мобильного телефона, передает patrul.kz. Спасенный мужчина обратился к руководству областного ДВД, благодаря за спасение своей жизни сотрудников Управления специализированной службы охраны (КУЗЕТ) сержантов полиции Сырбая Алибека и Азата Жаркынбаева. Инцидент произошел 15 ноября в районе ТРЦ «Керуен Сити». Около 02:00 они увидели, как

Түсінде әйгілі әншілерді көретін балалар үйінің тәрбиеленушісі Ақтөбеде үлкен концертін бермекші

Тәуелсіздік күніне байланысты жас әнші Бернар Өтешов өзінің патриоттық ән кешін береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Темір ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бернар Өтешов жастайынан ән айтып, облыстық және республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүр. «2013 жылы балалар үйіне жаңадан қызметке кеп жатқанда Бернар аудандық байқаудан орын алып кеп жатыр екен. Дастарханда әңгіме барысында арманын сұрағанымда «Апай мен әнші болғым келеді!» деп жауап берген болатын. Түсінде әйгілі әншілерді көріп, маған айтып отыратын.

Ақтөбеде төрт баласын ерткен келіншек екі күн вокзалда түнеген

Төрт баланың анасы қазір Ақтөбедегі дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Қатты қиналғанын айтқан келіншек тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. «Келіншекті желілік полиция қызметкерлері алып келді. Төрт баласы бар екен. Екі күн вокзалда түнеген. Теміржолдағы полиция қызметкерлері келіншекті вокзалдан қуып жіберген.  Әйел «баратын жерім жоқ» деп қайтып келеді екен. Үлкен баласы 6  сыныпта оқиды, кішісі төрт айлық. Қазір бізде тұрып жатыр. Жолдасы сабап, кетіп қалған. Әйел балаларымен баратын жер таппай қиналған»,—дейді «Малика» дағдарыс

Досхан Жолжақсынов, режиссер: Менің жарым суретке әдемі түседі, экранда да әдемі көрінеді

Әйгілі қазақстандық режиссер өзі түсірген фильмде не себепті жарына роль бергенін жайып салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.  Өткен аптада Ақтөбеде «Құнанбай» фильмі көпшілікке тегін көрсетілді. Киноөнімді таныстыру үшін фильмнің режиссері Досхан Жолжақсынов та келді. Ол кинода басты роль — «Құнанбайдың» ролін сомдаған. «Сіз киноңызға жарыңызды, ұлыңызды, достарыңызды түсіріпсіз» деп кей жерде сұрақ қояды маған. Киноға ол ешқандай артық зат емес. Өйткені киноға түсіру үшін үлкен емтихан өткіздім. Сосын менің жарым

21 жасқа толмаған тұрғынға ішімдік сатқан кәсіпкерге 100 мың теңге айыппұл салынды

Алкоголь өнімдерін сату тәртібінің талабын бұзған ақтөбелік кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. 2017 жылдың 4 қарашасында Ақтөбе қаласы Киселев көшесінде орналасқан «Ж» дүкенінде сағат 12:00 мезгілінде 21 жасқа толмаған тұлғаға  алкоголь өнімін сатылған. Кәсіпкердің әрекеті заңбұзушылық деп табылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен  жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасының №429 Заңының 9 бабының 4-тармағына сәйкес, алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізуге тыйым салынады.

Видео дерзкого ограбления появилось в Казнете

Видеозапись дерзкого ограбления распространяется в Казнете, передает корреспондент Tengrinews.kz. Предположительно, нападению подверглась букмекерская контора. На кадрах запечатлено, как в помещение врываются трое мужчин в масках. В руках у них предметы, похожие на оружие. В это время за стойкой две девушки спят на стульях, в зале на диване спит охранник. Увидев вооруженных людей, охранник выбегает из комнаты. Один из нападавших взбирается на стойку и наносит удар одной из девушек, требуя отдать