Ақтөбеліктер ірі супермаркеттердегі шұжықтардың салмағы дұрыс есептелмегенін анықтады

Ақтөбедегі ірі супермаркеттер тұтынушыларын алдады. Облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті оларға 500-700 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы супермаркет ішінде шу тудырған тұрғындар енді әр тағамды қайта таразыға салуды әдетке айналдырған. Себебі, шұжық, ірімшіктің салмағы жапсырмада көрсетілген бағадан әлдеқайда аз болып шықты. Ақтөбе облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті дереу тексеріп, қателікті анықтады.

«Тексеру қорытындысы бойынша «Лучшее решение» ЖШС-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК айыппұл салынды. Осы заңсыздықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, «Анвар» ЖШС-і тексеріліп, ісі супермаркет желісіне 300 АЕК айыппұл салынды. Олар да қателікті жоюы керек», — деді Ақтөбе облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Әсет Төребаев.

Айта кетейік, құны салмағына сай келмейтін дерек анықталған жағдайда сатып алушының қолында сауда жасағаны туралы түбіртек пен чектің суреті болуы тиіс. Сол кезде заңсыздық тіркеліп, тексеру жүреді.

Пікір қалдырыңыз