Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды», деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз