«Ақтөбе» командасының экс-футболшысы еңбекақысын сот арқылы өндіріп алды

«Ақтөбе» командасының футболшысы еңбекақысын өндіру үшін сотқа жүгінген.

Жауапкер соттан «Ақтөбе» футбол клубынан 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақысын, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы өндіріп беруді талап еткен.

Футболшы төленбеген еңбекақының өсімпұлын да талап еткен. Сот талқылауы кезінде  жауапкердің 2014 жылы 3 қаңтарда «Кәсіби футболшы» лауазымында қызмет атқарғаны анықталған.

ҚР АПК-нің 223, 226, 281-баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкер Т.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырды.

«Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақы сомасын, еңбекақы төлемін кідіртуінен 305 415 теңге көлемінде өсімпұл, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақыны өндірді», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз