Ақтөбеліктер иесіз жайылып жүрген жылқыны сойып, базарға шығармақ болған

abai.kz

Тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктен қан іздері байқалған. Тексере келе, жүксалғышқа жылқының еті салынғаны белгілі болады.

«Кейін анықталғандай, күдіктілер иесіз, жайылымда жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, бөлшектеп алған екен. Етті «минивен» көлігіне тиеп, Қандыағашқа әкеліп сатпақ болған», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы («ұрлық») бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Пікір қалдырыңыз