Сауалнамаға қатысқан ақтөбеліктердің 77 пайызы сыбайлас жемқорлықтың өмір сүру деңгейіне ықпал ететінін айтады

фото: politrussia.com

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттері туралы Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Орынбасар баяндады. Оның айтуынша, білім беру мекемелерінде, кітапханаларда азаматтық қоғам институттары, соның ішінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес, ҮЕҰ өкілдерімен кездесулер өтті.

Баяндамашының хабарлауынша, қоғамдық-саяси жағдай туралы жұртшылықтың пікірін зертеу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілген. Мақсаты — әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлықты қабылдауда халықтың өмір сүру деңгейін бағалау.

«Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, сұралғандардың көп бөлігі (77,1%) сыбайлас жемқорлықтың белгілері халықтың өмір сүру деңгейіне ықпал етеді деп санайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларын жан-жақты қабылдау қажет», — дейді ол.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз