Атышулы «төрт ағайындының» басшысы сотта неше баласы барын ұмытып қалғанын айтты

Бүгін Ақтөбеде қылмыс әлемінің белсенділері сотқа келді. Арнайы операция кезінде қолға түскен 26 адамнан тұратын қылмыстық топтың мұнай ұрлығына қатысы бары анықталып отыр. Оларды 50-ге жуық адвокат қорғайды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бір айыпталушы бес-алты адамнан аса қорғаушы жалдаған. Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысқандарға үкім шығарған сот залы айыптаушылардың қорғаушысымен толды.

Айыптаулушылардың туыстарының көпшілігі сот отырысын басқа залда отырып тыңдады.

Қылмыстық топтың басшысы — бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасаров.

Осы уақытқа дейін спортшылардың демеушісі болып келген Ізбасаров та басқа күдіктілермен бірге қамауға алынған болатын.

Сотта бетін жауып, өзі туралы ақпараттарды жасырған ол өзінің қанша баласы бар екенін, олардың қай жылғы екенін ұмытып қалғанын айтты.

Қылмыс әлемінің белсендісі «ағайынды төртеудің» ісіне қолдау білдіргендердің қатарында полиция басшылары да бар. Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары қызметінде болған Рахат Аханов та қазір сот залында отыр.

Ұйымдасқап топ құрды, мұнай ұрлығына қатысты деп айыпталған 26 адамға сотта өз құқықтары түсіндіріліп жатыр.

Ақтөбе және Алматы қалаларында қылмыстық топ құрды деп қылмыстық жауапқа тартылғандар: Адайбек Сәрсенов, Нұрболат Қайырбаев, Айбек Тілеуғазиев, Аухат Қалиев, Мұханбет Шаулетов, Еркін Ізбасар, Болатбек Бекетов,  Жандос Ақмағамбетов, Жангелді Өтегенов, Руслан Дермұханов, Амандос Есенғалиев, Бекжан Құлтаев, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Тұржанов, Сергей Савченко, Біржан Аманқұлов, Ербол Тектіғұлов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлыбек Тонтаев, Жанат Тектіғұлов, Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Қуанышев, Рахат Аханов, Қартжан Қалдымұрат.

Пікір қалдырыңыз