Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр. Әнші бұл туралы Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де-бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай Құнанбайұлы)

Армандар орындалады! Менің алғашқы əлемдік турнемде жүздескенше достар!Қолдауларыңызға рақмет!»,- деп жазды ол парақшасында.

Димаштың продюсері әрі жақын досы Алпамыс Шаримовта оқырмандарынан сүйінші сұрап, Димаш үшін қатты қуанышты екенін жазды.

«Димаштың арманы- әлемдік турнесі — құтты болсын! Есімде оның бұл туралы қалай армандағаны! Алла ісін оң, берекесін еселетіп берсін! Әлемнің адамы — әлемнің адамы! Ол заңдылық! Баршаңызды қуаныштарыңызбен құттықтаймын! Өзгені қайдам — өзім қуаныштымын шексіз!»,- деп жазды ол.

Әншінің әлемнің түкпір -түкпіріндегі тыңдармандары оны асыға күтетіндерін жарыса жазса, Қазақстандықтар Димашпен мақтанатындарын жеткізді.

Nur.kz

Пікір қалдырыңыз