Ақтөбе көшелерінде бетперде кигендер тағы да террорға қарсы шаралар өткізе бастады

фото: egemen.kz

Лаңкестік әрекетке қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы «Батыс-2» ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу жиындарын өткізе бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Құзырлы органдар аталған шараға байланысты тұрғындардан сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауларын сұрайды.

«Аталған шара жоспарлы түрде жүзеге асады және мемлекеттік органдардың лаңкестік әрекетке қарсы дайындық деңгейін арттыруға бағытталған», — делінген ресми мәлімдемеде.

Самат Аманжолов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз