Ақтөбеде 146 мектеп оқушысы сабақтарына әлі күнге дейін орамалмен барып жүр

Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов он айлық есебінде айтты.

«Мектепке келетін барлық оқушылар тәртіпке бағыну керек. Қалада 180 қыз бала мектепке орамал тағып баратын болған. Бүгінде 34-і орамалдарын шешті. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады»,- деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Сонымен қатар, қала әкімі №11 мектептегі жағдайға қатысты сұраққа да жауап қатты.

Естеріңізде болса, Aktobenews.kz тілшілері орамал тағатын оқушыға ескерту жасалғаны үшін жат ағым өкілдері мектеп директорына келгенін осыған дейін хабарлаған болатын. Бұл жайдан хабарсыз екенін айтқан қала басшысы қадағалауына алатынын айтты.

«Мұғалімдерді қорқытады дегенді естіген жоқпын. Бұл мәселе заңға сәйкес шешілетін болады. Олай қорқытқан болса полиция қызметкерлері шара қолданады. Мен мұны білейін, нақтылап, қолға алатын боламыз. Дәстүрлі емес дін өкілдерін тәртіпке шақыру бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр», — деді Испанов.

Пікір қалдырыңыз