Ақтөбе облысының Шалқар қаласында «Туған өлкем» деген жазуды қиратып кеткен (ВИДЕО)

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында қойылғанына 10 шақты күн болған «Туған өлкем Шалқар» деген жазуды қиратып кеткен. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшілеріне Шалқар ауданының тұрғындары хабарлап, оқиға орнынан түсірілген видеоны жолдады (ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар).

Шалқар ауданы әкімі Бауыржан Қаниев бұл жайтқа қатысты тексеру жұмыстары қолға алынғанын, бұзақылардың міндетті түрде табылатынын жеткізді.

Әкімнің айтуынша, қалаға көрік беріп тұратын жазуды демеушілер он күн бұрын тарту еткен екен.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдырыңыз