Ақтөбе облысында мүгедек баланы дүниеге әкелген әйелді күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты

фото: neinvalid.ru

Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны күйеуге шығып, балалы болды. Баласы туа бітті сал ауруына шалдыққан соң күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Атасы мен күйеуі келіншекті қуып жіберген. Алдымен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне барып, көмек сұрады. Кейін дағдарыс орталығына орналастырылды. Бала жиі ауырады. Келіншек балаларды оңалту орталығына барғысы келмей, бізге келді. Енді бала түрлі ем алып жатыр, бұл жерде 6 ай жатып, түрлі көмек ала алады. Үнемі қолына ұстап, көтеріп жүреді. Себебі, бала өте кішкентай», — деді «Малика» дағдарыс орталығының директоры Гүлбадан Дауыт.

1 пікір


  1. Баласы ауру болып туса əкелері бірінші анасын кіналайды.Сонан кейін қиындықтан қашып тастап кетеді.Анасы ауру баласын құшақтап, зар еңреп қала береді.Осындай жағдайға бір заң шықса болар еді.Менің де немерем ауру туа салып ауырды, дəргерлер адам болмайды, больницаға тастап кет деді, қызым қимай жылады, менде қимай тастама дедім,сен ауру бала тудың деп қызымды кіналап кетіп қалды, сол немерем міне, 14-ке келді.Бала емеспе ұл бала əкесін іздейді, сұрайды.Не айтарымды білмеймін.Бірде бір іздеп келіп, не бір рет телефон соғып сұрап көрген емес.

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз