Ақтөбе медресесіне қос көліктің кілті табыс етілді.

Ақтөбе медресесіне қос көліктің кілті табыс етілді.

«Ақтөбе медресесі» колледжіне қос бірдей көліктің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің балансында болған Газель автокөлігі енді медресенің пайдаланылуына берілді. Ал, Toyota Camry маркалы екінші қызметтік көлік медресе директорына табысталды.

Аталмыш автокөлік қалалық орталық мешітке «Уақып» қорының атынан жаңа қызметтік көліктің берілуіне байланысты мешіт балансынан шығарылған болатын.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

1 пікір


  1. Ақтөбе медресесі» колледжі қайда орналасқан

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз