қазан 10, 2017

Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испанов мүгедектерді үйлеріне  барып құттықтады

Мемлекет басшысының жарлығымен қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні деп белгіленген. Қала басшысы мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырағында болып, мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қала әкімі Ілияс Испанов мүгедектер күнін ескерусіз қалдырмады. Аталмыш күндерімен құттықтау үшін арнайы үйлеріне барды. Жағдайын сұрап, тұрып жатқан мекен-жайларымен танысып қайтты. Облыс басшысының көп көңіл бөліп жатқанын жеткізіп, Республикалық деңгейде паралимпиада өткізу туралы ойымен бөлісті. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу қажет. Олардың әрқайсысы

Ақтөбеде екі құлағы естімей қалған жігіт өзін полиция қызметкерінің ұрғанын айтып отыр

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны Аслан Сәрсенғалиевтің екі құлағы естімей қалды. Ол кафеде отырып, көрші үстелде демалып отырған жігіттермен сөзге келген. Төбелестен кейін есінен танып, бір апта жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Менің ұлым мектеп бітірген соң Ақтөбе қаласына келіп, жалдамалы жұмыс істеді, пәтерде тұрды. Оның дені сау, ақылы дұрыс еді. Осы жылдың наурыз айында кафеде демалып отырған кезде жанындағы қызды көрші үстелдегі жігіттер биге шақырған. Сол кезде

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе базарларындағы алыпсатарларды жоймақ

Мамандардың айтуынша, делдалдардың кесірінен тауардың бағасы 4 есеге дейін қымбаттап жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық нарықтағы тауар бағасының шарықтауы мен алыпсатарлардың көбеюіне алаңдаулы. Осыған орай, әр облыста Көтерме сауда орталықтарын салу жобасы әзірленіп жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты департамент басшысы Дінмұхаммед Абсаттаров Ақтөбенің базарларын аралап көрді. Сондай-ақ, ол базар басшыларын жинап алып, жаңа жоба жайында түсіндірді. Астанадан келген маманның айтуынша, Қазақстанда тауар өндірушінің тек 40% өнімі ғана тұтынушыға

«Қазпошта» қызметінің имиджін көтеруге Димаш Құдайбергенов таңдалды

Еліміздегі үлкен компаниялар Димаш Құдайбергенов арқылы имидж көтеру жұмысын бастады. Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әншімен ынтымақтастық байланыс орнатқанын хабарлайды. «Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді, түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады.

Облыс аудандарын аралап шыққан Ақтөбенің бас прокуроры имамы жоқ мешіттерді анықтады

Ақтөбе облысының прокуроры Марат Кайбжанов барлық ауданды аралап шықты. Ол көшені жарықтандыру, мал ұрлығы, мешіттердегі кадр тапшылығы мәселелерін жергілікті әкімдікпен бірлесе шешпек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының прокуроры Марат Кайбжанов жаңа қызметке кіріскен соң барлық ауданды аралап, кездесу өткізді. Әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы өз жұмыстарын көрсетіп отыратын прокурор бірқатар мәселелерді тізбектеп берді. «Аудандарды аралап шықтым. Аудандағы басшылармен кездесу кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына баса назар аударылды. Көшелердегі бейнебақылау

Ақтөбе жастары 200 адамға дүбірлетіп той жасады

«Ақтөбе Қайырымды жандар» еріктілер тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дүбірлетіп той жасап берді. Шараға барлығы 200 адам қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Нағыз батырлар кеші» деп аталатын салтанатты шарада «Біз бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деген ұран болды. Қоғамның бір бөлігі болып саналатын мүгедек жандардың көңілін аулап, өмірдің нағыз батырлары екенін білдіру мақсатында ұйымдастырылды. «Атамекен» мейрамханасында болған тойға Ақтөбедегі сал ауруына шыққан азаматтарды қолдау орталығы, «Стимул Плюс» топ мүшелері, «Ерекше балалардың

Назарбаев Қызылорданың құрылысшыларын ақтөбелік әріптестерінен үлгі алуға шақырды

Назарбаев Қызылорданың құрылысшыларын өз қаражатына баспана тұрғызып жатқан ақтөбелік әріптестерінен үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеден бірден Қызылорданы бетке алған Нұрсұлтан Назарбаев ондағы құрылысшылармен кездескен болатын. Өңірдегі жетістіктерді тізбелеген Сыр бойының құрылысшыларына Мемлекет басшысы Ақтөбедегі үй құрылыстарын үлгі еткен. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі құрылыс жұмыстарына көңілі толатынын, баға тұрғысынан да баспаналы болудың көңілге қонымды екенін алға тартқан. «Ең бастысы, ақтөбелік құрылысшылар үкіметке қол жаймай, құрылыс жұмыстарын өз есебінен жүргізген»,