Ақтөбеде халықаралық робо-фестиваль өтіп жатыр

Бүгін және ертең Ақтөбеде робот жасаудан республикалық жарысының финалы болып жатыр. Сондай-ақ, Ресей, Қазақстан мен АҚШ-тың робототехника саласындағы сарапшылары дөңгелек үстелде бас қосады.

6-7 қазан аралығында Жекпе-жек сарайында «KazRoboSport-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалдық туры өтеді.

Еске сала кетейік, наурыз айынан бастап, маусым айына дейін елдің 14 өңірінде робототехника жарысынан іріктеу кезеңі болған. Яғни әр облыстан бір команда іріктелді. Жарысқа барлығы 141 оқушы және 46 бапкер, сарапшылар қатысып жатыр.

Сондай-ақ, Ақтөбедегі халықаралық робо-фестивальде Дөңгелек үстел жоспарланған. Бұған Ресейдегі Робототехникадан білім беру Қауымдастығының президенті Максим Васильев, Қазақстандағы АҚШ мәдени орталығының президенті Азиза Ибрагим қонақ ретінде шақырылды. Бұдан басқа, ТМД елдерінің және алыс шетелдің сарапшылары, «КазРоботикс» филиалдарының жетекшілері, техник мұғалімдер бас қосады.

Айбар Тасқожин, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз