қыркүйек 24, 2017

Сапарбаев Ақтөбедегі құрылыс компанияларының "аванспен" жұмыс істеп жатқанын жеткізді

Ақтөбе өңірінде әлеуметтік жауапкершіліктен қашып отырған бірде-бір мекеме жоқ. Барлығы уақытылы жалақыларын төлеп отыр. Сыйақыларын дер кезінде береді. Бұл туралы облыс басшысы Еңбек күніне арналған салтанатты шара барысында айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы еңбек адамдарының арқасында күні-түні, қысы-жазы жұмыстардың тоқтамай жүріп жатқанын хабарлады. «Әсіресе, құрылысшылар тегін жұмыс істеп жатыр, аванспен еңбек етіп жатыр деуге болады. Сол үшін де сіздерге рахмет! Облыста әлеуметтік жауапкершіліктен қашып отырған бірде-бір кәсіпорын жоқ.