Эстрада жұлдыздары «моншаға» теңеп жүрген Студенттер сарайына кондиционер орнатылды

akt.adilet.gov.kz

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетіне қарасты Студенттер сарайында көп жылдардан бері эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп келеді. Өкінішке қарай, облыстағы ауқымды да маңызды шаралар өтетін өнер ордасында салқындатқыш болып көрмеген. Ақ тер, көк тер болып отыратын көрерменді айтпағанда, оны сахна жұлдыздары да байқап, сахнаға орамалдарын ала шығатын.

Талай уақыт бойы көрерменнің де, өнерпаздардың да сынына құлақ аспаған Сарай басшылығы санаулы күн бұрын 4 кондиционер орнатыпты.

«Ұлы сөзде ұят жоқ». Сахнаның артында әртістер үшін әжетхана да болмады. Талай өнерпазды «қинаған» Студенттер сарайы басшылығы оны да ескермеген сыңай танытып келген болатын.

«Ендігі уақытта әнші болсын, басқасы болсын, сахнаның артында қиналмайтын болды», — деп хабарлады университеттегі сенімді дереккөздер.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз