қыркүйек 14, 2017

Облыстық басылымдар мен жергілікті ЖОО арасында ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылды

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин мен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры Бауыржан Ердембеков өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Оқу ордасы даярлайтын болашақ медиа өкілдері алдағы уақытта «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ке қарасты облыстық басылымдарда өндірістік тәжірибеден өтіп, тырнақалды туындыларын жариялау мүмкіндігіне ие болады. Екі тарап бірлесіп шаралар ұйымдастыра алады. Өз кезегінде, білім ордасы БАҚ нарығына мамандар әзірлеуді өз міндетіне алып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.

Әлемдегі ең қорқынышты аттракцион (ВИДЕО)

Бұл аттракцион Американың Чикаго қаласында орналасқан. Оның негізгі ерекшелігі: 94-қабаттағы биіктікте адамдар таянышы бар терезелерге жақын тұрады да, механизм оларды автоматты түрде 360 градусқа бұрып, қаланың ортасындағы қайталанбас сәтті көрсетеді. Ролик Интернет желісінде жарияланған сәттен бастап оны 1 млн-ға жуық адам тамашалаған. Олардың көпшілігі бұл өте қорқынышты екенін айтуда. «Бұл расында керемет екен. Бірақ мен егіз ғимараттағы адамдардың ешқандай амалдары қалмағаны туралы ойладым», «Мен бұған қарай алмаймын», «Сөзсіз Керемет», «Бұл

Дін істері министрлігі хиджабтағы оқушылардың шуына қатысты пікір білдірді

Соңғы күндері еліміздің әр өңірінде мектепке ақ орамал тағып келіп, білім ошағына кіре алмай қалған оқушылардың дауы ушығып барады. Осыған орай NUR.KZ порталы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне арнайы сауалнама жолдаған еді. Яғни, «оқушылардың мектеп қабырғасында ақ орамал тағып, ұзын кең етекті көйлекпен немесе хиджаппен келуіне бола ма?» деген сауалға дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов жауап берді. Білім және ғылым министрілгінің мектеп формасына қатысты

Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданының Ақтөбедегі күндерін арнайы мектеп оқушыларымен кездесуден бастады

Мұғалжар ауданы Ақтөбедегі күндерін «Әрбір бала бір жұлдыз» атты қайырымдылық шарасымен бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының қолдауымен өткізілетін «Туған жерім — нұрлы елім» атты аудан күндерінің кезегі Мұғалжар ауданына да келді. «3 күнге созылатын шара барысында барлық жастағы тұрғындардың көңілін табуға тырысамыз. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бағдарламалар қарастырылған», — дейді ұйымдастырушылар. 70 мыңға жуық халқы бар Мұғалжар ауданының құрылғанына биыл 20 жыл, ал аудан орталығы

Мұғалжар ауданы күндері аясында Ақтөбеде «Түйе палуан» ойындары өтеді

  14 қыркүйек күні Ақтөбеде Мұғалжар ауданы күндері басталды. Концерттік шоу-бағдарламалар 16 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, 14 қыркүйек күні сағат 15:00-де облыстық филармонияда жігіттер «Айырық сұлтаны» атану үшін сайысқа түседі. Ал ертең, 15 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне ағайынды Жұбановтардың ұрпақтары келеді. Сол жерде музейдің көрмесі қойылады және тоғызқұмалақ пен шахмат ойындарынан жарыс өтеді. Кешқұрым сағат 16:00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма

Ақшасына жұмысқа тұрғызып берем деп ант-су ішкен Ақтөбе тұрғыны алаяқ болып шықты

Ақтөбе тұрғыны үш адамнан ақша алып, көрші облысқа вахталық әдіспен жұмысқа тұрғызып берем деп сендірген. Жалақысы жоғары жұмысты күте-күте шаршаған үшеудің бірінің шыдамы таусылып полицияға шағымданады. «40 жастағы тұрғын 30 мың теңгесін беріп жіберген. Не жұмыс жоқ, не ақшасын қайтара алмаған ол алданғанын кейін түсінеді», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева. 29 жастағы күдікті бұрын да тәртіп сақшыларының назарына іліккен екен. Тіпті бұлтартпау шарасы қолған болып шықты. Бүгінде

Ақтөбеде сөзден мүдірмейтін шешентілді басшылар кімдер?

«Aktobenews .kz» порталының «Үздіктер» жобасы тағы да жергілікті лауазымды қызметкерлерге арналады. Ақтөбелік басшылар арасында сөзге шебер, алдына келген адамды «алдай алатын» қызметкерлер кімдер? Біз шешентілді басшылар тізімін төмендегідей жасадық. Ал, сіз бұл қатарға кімдерді қосар едіңіз? Сонымен… Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы  – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры. Жиындарда сөз алып, ойын ортаға салып жүрген Ақтөбедегі ірі жоғары оқу орнының басшысы көркем сөздің хас шебері. Оның 15 минуттық баяндамасының өзінен