Ақтөбеде мешіт жамағаттары арасында футболдан турнир өтті

Ақтөбеде «Ұлы Дала жастары» атты республикалық шағын футболдан турнирдің облыстық іріктеу сайысы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іріктеу турнирі қаладағы Ақтөбе мұнай және газ колледжінің спорт алаңында өтті. Оған Ақтөбе қаласы мешіттері мен аудан жамағаттарынан барлығы 16 команда қатысып, қарсыластар жеребе арқылы анықталды.

Тартысқа толы ойында «Сүлеймен ата» мешітінің жамағаты айқын басымдылық танытып, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Команда кубокпен, Мадақтама және 100 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ, сайыс барысында шеберлігімен көзге түскен Алтынбек есімді ойыншы «Үздік ойыншы» номинациясын иемденді.

Қорғанысының мықтылығымен көзге түскен мұғалжарлық «Нұртай» мешітінің командасы ІІ орынға табан тіреп, команда қақпашысы Айдос Бергенбаев «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Командаға 80000 теңгелік жүлде қорымен бірге арнайы кубок саланатты түрде табысталды.

Аталған екі командаға есе жіберген Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің ойыншылары да шаршы алаңда жақсы өнер көрсетіп, үздік үштікті қорытындылады. Үшінші орынның жүлде қоры 60000 теңгені құрады.

Индира Нұржауған, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз