тамыз 17, 2017

Пан Ги Мун «Ақтөбе-Северанс» қайырымдылық қорын құру туралы бастамаға қолдау көрсетпек

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың Енсе университетінің «Северанс» госпиталі мен «Северанс KZ» халықаралық медициналық қорының делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Делегация өңірге балалар мен ересектерге кәріс мамандарының жоғары кәсіби кеңес беру және жедел медициналық көмегін алуға мүмкіндік беретін «Ақтөбе — Северанс» бірлескен қайырымдылық қорын құру мақсатымен келді. Бұдан өзге, шеберлік сабақтарын өткізу, облыстың медицина қызметкерлерін Кореяның жетекші емханаларында емдеудің инновациялық әдістеріне оқыту қарастырылған. Жалпы, қор Ақтөбе

Жауапкер ретінде сотқа шақырылған Ақтөбе тұрғыны судьяның алдына мас болып барды

Оқиға Мұғалжар ауданында болды. Аудандық сотта М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралуға тиіс болатын. Оны маскүнемдіктен айықтыру үшін наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды. Сотқа шақырылған Мұғалжар ауданының тұрғыны сот ғимаратына мас күйінде келген. Заң тілімен айтқанда, ол «әдепсіздік көрсеткен». Жауапкер сот ғимаратынан үш күнге қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ұлттық банк: Ақтөбеліктер рәсімдеген несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе артты

Облыс тұрғындары алған несиенің мөлшері былтырғыдан екі есе көп. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалында хабарланды. «Бірінші жартыжылдықта банктердің белсенділігі байқалады. Яғни, 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс банктері берген несие соммасы 139 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 99,9 пайызға өскен», — деді Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалының директоры Перизат Әсембетова. Соның ішінде жеке кәсіпкерлікке 16,2 млрд. теңге несие берілген. Сондай-ақ, заңды тұлғалар екінші деңгейлі банктерден 75,6 млрд. теңге

Айгүл Дүйсенова: Өмір бойы таяқ жеп, соңында күйеуіне керек болмай қалған әйелдер бар

Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығының төрайымы Айгүл Дүйсенова отбасыдағы тәрбие мәселесіне алаңдайды. Басшы қара басын күйттеп кеткен ер адамдардың көбейгенін байқаған. Бұл туралы орталық төрайымы Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. «Бізге жас келіншектер көмек сұрап келеді. Күйеулерінде жауапкершілік жоқ. Олардың айтуынша, күйеулері отбасының жағдайын жасаудан бас тартқан. Несиеге машина алып, тапқан ақшасын тек өзіне жұмсап жүрген жас әкелер бар болып шықты. Ата-енесімен тұрғандардың да жағдайы осы. Үйде отырған әйелі мен баласын

"Томирис" фильмінде басты рөлді ақтөбелік бойжеткен сомдап қалуы ғажап емес

Бүгін Ақтөбеде «Елбасы жолы» және «Томирис» фильмдеріне кастинг басталды. «Қазақфильм» мен «Sataifilm» киностудиялары Ақтөбеде екі күн бойы іріктеу жұмыстарын өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Таңғы сағат 9-дан бері Т.Ахтанов атындағы драма театрына 50 шақты адам келген. Ақтөбеліктер жаңадан түсірілетін «Елбасы жолы» және «Томирис» фильмдерінде роль сомдауға бақтарын сынап жатыр. «Бүгін және ертең Ақтөбе қаласында боламыз. Содан кейін Орал қаласына аттанамыз. Кастингке кез келген адам қатыса алады. Біз жас ерекшелігіне, ұлтына

Мәлімбет Ибрашов, Әйтеке би ауданының әкімі: Жастар «комфорт» өмірге үйренген

«Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистер алдында есеп берген Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң өзгерістер бар екенін атап кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,6 млрд.теңгені құраған. Ауданда барлығы 11 кооператив бар. Аудан 100 пайызға табиғи газбен қамтылған. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл облыстық бюджеттен 286,6 млн.теңге қаржы бөлінгені айтылды. Сонымен қатар, аудан әкімі қалада ұйымдастырылып жатқан аудан

Ақтөбеде "Әсем" лагерінде демалып жатқан балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді

Ақтөбеде «Әсем» лагерінде демалып жатқан 6 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Балалар ауруханаға түнде түскен. Олардың қасында учаскелік полиция қызметкері де бар. Бұл жайтты аталған аурухана басшылығы растап берді. «Балалар түнде түсті. Бірақ ешқайсысы уланбаған. Біреуіне жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) деп жазып бердік. Қалғандары дәрігерлердің қадағалауында», — деп қысқа қайырды аурухана басшылығы. Марат Төлепберген, Aktobenews.kz