тамыз 13, 2017

Ақтөбе облысында қоғамдық көмекшілерге әкімдер тарапынан да, халық жағынан да сенім азайды

Ақтөбе облысында қоғамдық көмекшілерге билік тарапынан да, халық жағынан да сенім азайды. Мәселен, Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов Aktobenews.kz тілшісіне берген сұхбатында ауданға қарасты 13 округтің тек төртеуінде қоғамдық көмекшілерінің белсенді екенін айтады. «Әдетте, ауылдық округтердегі әкімдер кей жайтты жасырып қалады. Сол себепті, тұрғылықты халықтың арасынан беделі мен айтары бар, мәселе көтеріп жүретін ақсақалдар қатарынан қоғамдық көмекшілер тағайындағанбыз. Рас, өкінішке қарай, тек санаулысы белсенді жұмыс істейді», — дейді Мәртөк ауданының әкімі.

Ақтөбе облысының белсендісі ауылдастарына әлеуметтік желі арқылы Сапарбаевқа шығуға болатынын үйрете бастады

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының белсендісі Ардақ Құбашева ауылдастарына әлеуметтік желілерді игеруді үйрете бастады. Белсендінің өзі таяу уақыттан бері фейсбук желісін еркін меңгеріп, енді ауылдағы аға буын өкілдеріне де қордаланған мәселелерді әлеуметтік желі арқылы Бердібек Сапарбаевтың өзіне тікелей жеткізуге болатынын түсіндіріп жүр. «Жасымыз келді, фейсбугіңді түсінбейміз дейді. Олай болмайды. Жергілікті әкім-қаралар кейбір жайтты облыс орталығына жеткізе бермеуі мүмкін. Сондықтан, ең болмағанда әлеуметтік желі арқылы ауылдағы мәселені көтеріп тұрғымыз келеді.