тамыз 10, 2017

Білім гранттары иегерлерінің тізімі жария етілді

Бүгін білім гранттары иегерлерінің тізімі жария етілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Білім гранттары иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жария етілді. Үміткер сайтқа кіріп, онда https://res.testcenter.kz/grant2017/#searchRes сілтемесіне өтіп, арнайы жолаққа рұқсатнамадағы тестіленушінің жеке коды мен ЖСН-ін енгізу арқылы өзінің білім грантына иеленгенін не иеленбегендігін біле алады. Алайда жүйеге бір мезетте көп пайдаланушы кіргендіктен

Ауласына 600 түп көкнәр өсірген Ақтөбе облысының тұрғыны тәртіп сақшыларының назарына ілікті

Ақтөбе облысында «Көкнәр – 2017» жедел алдын алу шарасы аясында есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 19 шілде күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы иттің көмегімен Алға ауданы Қайыңдысай ауылында қарасораға ұқсас есірткі затын анықтады. Белгілі болғандай, Алға ауданының 46 жастағы тұрғыны аталмыш шөпті заңсыз өсірген. Қарасораның 600-ге жуық түбі тәркіленді. Оның жалпы салмағы 28 келі. Сондай-ақ, 20 шілде күні Алға ауданының

Мен ән сатқан адам емеспін – ақтөбелік әнші Дулат Айтжанов

Әнші, сазгер Дулат Айтжанов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Борлы ауылында туып-өскен. Ол қазір Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның дыбыс студиясында жиі отырады. Ән жазып, өңдейтін сазгер Aktobenews.kz сайтына сұхбат берді. — Астанада өткен Ақтөбе күндерінде жаңа әніңіздің тұсауы кесілді. Қанша әніңіз бар және олар жиі орындалып жүр ме? — Қанша ән жазғанымды есептеген жоқпын. Барлығы 50-ден астам ән жаздым. Кейбірі әлі жарық көрмеді. Қалада өтіп жатқан мәдени шараларда «Жаса Қазақстан»,

Қарбыз сатып тұрған жерінен көлікке мініп кеткен ақтөбелікті орманның ішінен іздестіріп жатыр

3 тамыз күні 41 разъезде автокөлікке отырып, жоғалып кеткен ақтөбелікті полиция әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Полицияның хабарлауынша, жеке құрамның барлығы аяқтарынан тік тұрған. «Жоғалған адам іздестіріліп жатыр. Оны туыстарымен бірге полицияның жеке құрамы №41 разъезд маңындағы орманнан да қарап шықты», — делінген ресми ақпаратта. Сондай-ақ, Орск қаласына қарай бағыттағы жолда орнатылған бейнебақылау камералары және 2 тамыз күні Түркістан қаласынан Ақтөбеге келген «КАМАЗ» автокөлігінің камерасына түскен бейнематериал зерттеледі.

Министрлік ағылшын тілін білетін мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікір білдірді

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ағылшын тілін меңгерген мұғалімдердің жалақысын 200 пайызға өсіру туралы мәселеге қатысты пікірін білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Cәйкесінше белгілі бір ереже бар. Яғни, мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін меңгеріп мектептерде жоғары сынып оқушыларына сабақ береді: химия,физика, биология пәндерінен (ағылшын тілінде — автор.). Бұл дегеніміз мұғалім біліктілігін арттырып, ағылшын тілінің белгілі бір деңгейін жетік меңгеріп, ағылшын тілінде ғана сабақ береді деген

Алматы түбінде апат болған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр

Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Бізге 09:56-да хабар түсті. Оқиға орнында ТЖ қызметкерлері, Қаскелең қаласының № 1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі адам қаза тапты», — деді Алматы облыстық ТЖД өкілдері. Еске салайық, Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапты. Азаматтық авиация Комитеті

7 өңір «Нұрлы жол» аясында білім саласына бөлінген қаржыны игере алмауда

Еліміздің 7 өңірі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласына бөлінген қаржыны игере алмай отыр.  Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы Ұлттық қордан білім саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 71,7 млрд теңге бөлінген. Оның 26,5 млрд теңгесі  өткен жылы құрылысы басталған 53 мектепті салып бітіруге бағытталса, 45,2 млрд  теңгесі 56  жаңа мектептің құрылысын бастауға бөлінген. «Ағымдағы