тамыз 8, 2017

Ақтөбенің жағымсыз иісін жасыруға тырысқан бас эколог Сапарбаевтан сөз естіп тынды

Облыстық экология департаменті басшысы Жақсығали Имақұловтың айтуынша, қалада тек күкіртті сутектің ауадағы құрамы шамадан сәл асып тұр. Бұған облыс әкімі келіспеді. Қаладағы сасық иісті жақсырақ сезу үшін ол Жақсығали Иманқұловқа Махамбетов ауданында тұрып қайтуға кеңес берді. «Жақсығали Исламұлы, сізді зауыттар орналасқан Махамбетов ауданына көшіру керек. Сонда бір ай бойы тұрып қайтыңыз. Содан кейін басқаша сөйлейсіз. Махамбетов ауданында жоқ дейсіз. Бірақ халықпен кездескенде мен өзім сол иісті сезем. Тұрғындардың айтуынша, олар

Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында "Еңбек жолы" сайысы бойынша онлайн дауыс беру басталды

Ақтөбе облысы әкімдігінің www.aktobe.gov.kz сайтында «Еңбек жолы» сайысының аясында онлайн дауыс беріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. «Еңбек жолы»конкурсын өткізудің мақсаты: • Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек

Тентек суға тойып алған келіншек рейдке шыққан тәртіп сақшысының бетін тырнап алды

Ақтөбеде 26 жастағы келіншек инспекторды беті мен мойнынан тырнап алған. №2 Ақтөбе қалалық сотында билік өкіліне қарсы күш қолдану бабы бойынша іс қаралды. Оқиға осыдан бір ай бұрын болған. Учаскелік инспектор Әуе қалашығында маскүнемдер жиналатын пәтерді тексереді. Сонда полицей кішкентай баласы бар 26 жастағы келіншекті танып қалады. Оны бейімдеу орталығына дереу жеткізеді. Бірақ келіншек бейімдеу орталығында айқай-шу шығарады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторды жұлқылап, полицейдің бетінен қолмен салып қалады.

Пайғамбардың "суретін" таратпағанын алға тартқан Ақтөбе имамдары мешіттен тыс жерлердегі ахуалға жауап бермейтін болып шықты

Ақтөбе облыстық мешітінің баспасөз қызметі Aktobenews.kz сайтында Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың «суретіне» қатысты материал жарияланғаннан кейін шұғыл мәлімдеме жасады. Діндарлар мешіт аумағына жақын жерлерде болған оқиғаларға мешіт әкімшілігі жауап бермейтінін алға тартып отыр. Айта кетейік, осыған дейін Мәртөк ауданында бір тұрғынның төрінде Пайғамбардың «суретінің» ілулі тұрғаны жайлы хабарлаған едік. Бейнеге қарап күн сайын сәлем беретінін айтқан үй иесі оны мешіттен алғанын айтты. Материал жарық көргеннен кейін редакциямызға өзін «Мәртөк ауданының бас

Ақтөбенің бас полицейі қарамағындағыларды жезөкшелермен күресуге шақырды

Полицейлер «қоғамдық орындарда тиісіп», өз қызметін ұсынуға әуес жабысқақ тұрғындарды анықтауда. Ақтөбе облысында «Қайыр сұраушылар» атты жедел алдын алу шарасы басталды. Бүгін соның алғашқы қорытындысы шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 300-ден астам жергілікті полиция қызметкері адам көп жиналатын орындар, ойын-сауық кешендері мен орталық көшелерде рейд ұйымдастырды. Аталған шараның алғашқы күнінде ақтөбеліктерге қоғамдық орындарда 17 рет «тиіскен». Оның ішінде такси қызметін ұсынғандар үшеу, қайыр сұрағандар 10 және бір тұрғын сексуалдық сипаттағы

Ақтөбелік полицейлер көшені қаңғыбастардан тазарта бастады

Ақтөбе облысында 150-ден астам қаңғыбас ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Тамыздың 3-і мен 6-сы аралығында өткен «Жазғы карта» іс-шарасы аясында тұрғылықты мекенжайы жоқ 166 азамат ұсталды. Оның 91-і бейімдеу орталығына жеткізілді. Сондай-ақ, алдын алу шарасының барысында кезбелердің 54 жазғы орындары, түнгі жатын жерлері анықталды. Сонымен қатар, аталған шара кезінде 464 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның 184 дерегі — қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу немесе масаң күйде

Ақтөбеде төрт күннің ішінде 200-ге жуық заңсыз пәтер жалдаушы анықталды

Облыста тамыздың 3-інен бастап «Пәтер жалдаушы» жедел алдын алу іс-шаралары өтуде. Облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскелік инспекторлар салық комитеті өкілдерімен және басқарушы компаниялармен үйлерді аралап жүр. Осы шараға жергілікті полицияның 200-ден астам қызметкерлері жұмылдырылды. Аталған шараның төрт күнінде жалға берілетін 200-ге жуық пәтер анықталды. Пәтер иелері мен жалдаушылар әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтырды.