тамыз 1, 2017

Көші-қон заңнамасын бұзған өзбек азаматы Ақтөбеде қамауға алынды

Әйтеке би аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбек азаматына қатысты әкімшілік іс қаралып, қамауға алынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 27 шілдеде Комсомол селосында полиция қызметкерлері көрші елдің азаматына қатысты хаттама толтырады. Ол уақытылы тіркелу мерзімін өткізіп алған. Заң тілімен айтқанда, «шетел азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының жүру ережесін бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған». Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бердібек Сапарбаев табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді тапсырды

Өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді, сонымен қатар, олардың туындауының алдын алуды тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгінде Ақтөбе облысында 12 гектардан астам алаңда үш орман өрті және 30 гектар алаңда бір дала өрті тіркелген. Сондай-ақ, 13 мың гектардан астам аумақта 132 өрт шалу оқиғасы орын алды. Өртті сөндіруде ТЖД-нің, жергілікті атқарушы билік пен ерікті өрт сөндіру құрамаларының 2 мың

Ақтөбеде үйлері бір сәтте өртеніп кеткен көпбалалы отбасы далаға түнеуге мәжбүр (ФОТО)

Ақтөбенің Құрылысшы бау-бақша ұжымында жеке тұрғын үй жанып кетті. Қазір 5 баласы бар Тоқмамбетовтер отбасы далада түніп жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.  Ақтөбе қаласының Құрылысшы бау-бақша ұжымында өрт шығып, Тоқмамбетовтер отбасының баспанасы түгел жанып кетті. Қазір олар аула ішіндегі ағаштардан шағын күрке жасап, сол жерде түнеп жүр. Өрт кезінде үйде тек балалар болған. «Жұмысқа түскі сағат 13:00-де кеткен болатынмын. Өрт сағат 14:30 шамасында болған. Хабарды естіп, үйге жүгіріп келгенімде шатыры

"Туған жерге тағзым" акциясы аясында ақтөбеліктер ғасырдан астам тарихы мешітті жөндеуге кірісті

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Мұғалжар ауданы Құмсай ауылы Ор бойындағы Көк мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Акция аясында игі іске Құмсай, Жамбыл және Ақсу ауылының тұрғындары үлес қосып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Тарихқа көз жүгіртсек, мешіт құрылысы 1902 жылы басталып,1905 жылы пайдалануға берілген. Мешіт «Таманың көк мешіті» деп аталады. Қабырғалары қоңыр тастан қаланған, төбесі ағашпен және қаңылтырмен жабылған. Өзіндік архитектуралық пішіні бар ғимарат өте әдемі салынған. Дәл осындай үлгідегі

Ақтөбе соты отбасы мүшелерінің көзінше әкесі мен інісін өлтірген жігітті 22 жылға бас бостандығынан айырды

Әкесі мен інісін пышақтап өлтірген Медет Тапаев 22 жылға бос бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласының 39 жастағы тұрғыны Медет Тапаев мас күйінде әкесі мен інісін өлтірді. Бүгін осы қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты. «Медет Тапаев Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. №2 Ақтөбе қалалың сотының 2008 жылғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, Тапаевқа

Еркенің әнін стадионда хормен шырқаған жанкүйерлер әншіні таңғалдырды (видео)

Ерке Есмаханның биылғы жаздың хитіне айналған «Қайдасың» әнін Ақтөбе стадионында футболшылар мен жанкүйерлер қосылып шырқады деп хабарлайды NUR.KZ. «Әттең, мен футбол қарауға бармаймын! Өз көзіммен осындай үлкен стадионда әнімді айтқанның куәсі болар едім. Футболшылар, жанкүйерлер, сіздерге респект!», —  деп жазады әнші парақшасында. nur.kz

"Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы бес уақыт намазды жамағатпен оқудың артықшылықтары туралы әңгімелейді

Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Әдетте, адам жаны жеңілдіктер мен сыйлық алуға құмар келеді ғой. Саудада да солай: қашан кезекті акция болады екен деп күтіп, қалаған затымызды арзан бағада алғымыз келіп жатады. Құныққандық болмаса да, осынау құмарлықты құлының бойына бітірген Алла оны осы қасиеті арқылы құлшындыратыны сөзсіз. Десе де, дүниеге емес әрине. Қайырлы амалдар мен құлшылыққа. Расымен де, Алла Тағала кей амалдардың сауабын еселеп беретіндігін айтып, біздерді сол