Астана қаласының жағымсыз иісімен күрескен компания Ақтөбенің де ауасын тазартпақ ниетте

leto.me
Қаланың кәріз тазарту қондырғыларының жағдайына талдау жасалып, оларды қайта жарақтау жөнінде ұсыныс жасалды, жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
2016 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен Тұрғындар қалашығы ауданында өз бетінше ағатын кәріз коллекторын қайта жарақтау жөніндегі құны 680 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыру туралы келісім жасалды. Жыл соңына дейін Кірпішті ауылы мен Өндірістік аймақта кәріз стансаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Ақтөбе қаласында экологиялық жағдайды жақсарту үшін қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны маңында 140 га алаңға 103 мың түп жапырақты ағаштар отырғызылды. Сондай-ақ қаланың ішінде ағаштар отырғызу көлемі ұлғайтылып, 33 сквер жасалды. Жағымсыз иіс шығатын орындарды, сондай-ақ ауадағы жағымсыз иісті жою жолдары мен механизмдерін іздестірілуде», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Мәселен, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қаланың экологиялық мәселелері бойынша шақырылған «Абас сервис групп» ЖШС (Астана қаласында кәріз насос стансаларына көмір сүзгісін орнатумен айналысады) және Мәскеу қаласының «Окс групп» БҚБ (иісті бақылау жүйесі) мамандарының қатысуымен мәжіліс өткізді. Компаниялардың өкілдері өздерінің мүмкіндіктері мен жұмыс әдістері туралы хабарлама жасады. Олардың айтуынша, Астана қаласында жағымсыз иістерді жою жұмыстарымен айналысқан.
Мәжіліске әкімнің орынбасары, экология, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармаларының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, «Ақбұлақ» АҚ, АХҚЗ, АФЗ зауыттарының, қалалық қоғамдық денсаулық қорғау, ЖПҚ және басқа ұйымдардың басшылығы қатысты.

Пікір қалдырыңыз