Ақтөбеде полицейлер балаларға арнап жазғы лагерь ашып берді

Ақтөбе қаласында «Батыр» шатырлы лагері ашылды. Ювенальды полиция мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ашқан демалы сорнының ерекшелігі балалар табиғат аясында түрлі командалық спорт ойындарына қатысып, туған өлкемен танысады. Демалыс орнында жаз бойы 80 бала тынығады деп жоспарлануда.

«Бұл шараның мақсаты — жасөспірімдердің жазғы каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу», — дейді Ақтөбе облыстық ювенальды полицияның бастығы Ақтолқын Өтешова.

 

Пікір қалдырыңыз