маусым 19, 2017

Ақтөбенің бас полицейі қызметінен кетті

Облыстық мəслихаттың кезектен тыс отырысында ІІД  жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Əлиевтің қызметтен кетуін талқыға салды. Қанат Əлиев облыс əкіміне қызметінен босатуды сұрап, өтініш жазған. Мəслихат шешімімен Əлиев Қанат Советұлы лауазымынан босады. Ақтөбеге жаңа жергілікті полиция басшысы тағайындалды.  2012 жылдан Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары болып келген Жақсығалиев Қаныбек Сисенғалиұлы алдағы уақытта жергілікті полицияны басқаратын болады. Құқық қорғау саласындағы еңбегін учаскелік полиция инспекторы болып бастаған Жақсығалиев салада 20 жыл жұмыс

Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысы Батыс өңірінің медицина орталығына айналады

Ақтөбеде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысумен Ақтөбе облысындағы медициналық кластерді дамыту мәселесі талқыланды. Жиналысқа халықаралық медициналық орталықтың атқарушы директоры, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли, Сеул ұлттық университеті бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн, облыстың денсаулық сақтау қызметкерлері, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының қолдауының арқасында өңірдегі денсаулық сақтау және медициналық туризм жүйесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық база, кадр

Ақтөбеде ХІХ ғасырда ұстаздық, қазылық қызмет атқарған молдалардың өмірі зерттеледі

Қазақстандықтар рухани жаңғыруды ел тарихын танудан бастады. Рухани құндылықтарға көңіл бөлініп, ел бірлігі үшін жұмыс жасаған қайраткерлердің өмірімен танысуға көңіл бөлініп жатыр. Осы негізде Ақтөбе облысында «Аманат» экспедициялық зерттеу тобы құрылды. Олардың міндеті — ХІХ-ХХ ғасырдың басында өмір сүрген діни қайраткерлердің өмірін зерттеу. «Экспедиция Ақтөбе облысының Қобда ауданынан басталады. Сарытоғайдағы мешітке барамыз. Ол жерде ХІХ ғасырда діни білім берген адамдар туралы ақпараттар жиналады. Ертеде молдалар тек құран оқымаған, діни білім

Google экстремистік видеолардың YouTube-те таратылуына қарсы күресті күшейтпек

Alphabet холдингіне кіретін америкалық Google компаниясы YouTube интернет-сервисіндегі экстремистік видеолардың таратылуына қарсы күресті күшейтуде. Бұл туралы жексенбі күні Маунтин-Вьюдағы компанияның штаб-пәтерінде (Калифорния штаты) жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС. Google компаниясы мәлімдегендей, корпорация жуық арада терроризм мен басқа да экстремистік мазмұндағы видеоларды автоматты түрде анықтап, өзі өшіріп отыратын құралды жаңартып, оның жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, компания мұндай таспаларды іздеп, оларды өшіріп отыратын қызметкерлер санын арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Google интернеттегі

Қалада емес, ауылда ән айтқан ұнайды - Қуанышгүл  Серікбаева

Қуанышгүл Қалымқызы екі баланың анасы, әнші-термеші. Ол үлкен байқаулардың жеңімпазы. Ақтөбе музыкалық колледж тәмамдаған соң Облыстық халық шығармашылығы үйіне жұмысқа шақырылған әнші бір орында тапжылмастан 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақ әйеліне тән мінезі бар. Кішіпейіл, ақжарқын, еңбекке адал, досқа берік. «Мен» деп кеудесін ұрып, «өзім» деп қара басының қамын ойлаған емес. Бәрінен ұлттық өнер мен адалдықты биік ұстайды. Aktobenews.kz тілшісі бұл жолы бес жасынан домбыраны серік еткен Қуанышгүл

Облыстық "Актюбинский вестник" газеті 99 жаста

Облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» басылымы бүгін 99 жасқа толып отыр. Ғасырға жуық уақытта аймақ жаңалықтарын облыс тұрғындарына үздіксіз жеткізіп отырған аға газеттің ұжымын бүгінгі мерекелерімен Aktobenews.kz сайтының ұжымы да құттықтайды. Өңір тұрғындарын соңғы ақпараттармен сусындатып, салиқалы ой тастап, салмақты дүниелер жариялап келе жатқан «Актюбинский вестник» газетінің ақпарат айдынында алар орны ерекше. Айтарларыңыз таусылмасын, жазар көп болсын, жағымды жаңалықтар легі толастамасын, «Актюбинский вестник» газетінің ұжымы! Газеттің ғасырлық тойын да сән-салтанатымен тойлап,

Астанада өтетін Димаштың жеке концертіне Алла Пугачеваның қызы келе жатыр

Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, «Евровидения-2012» байқауының жеңімпазы Лорин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді. Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27 маусымда «Астана Арена» стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады. «Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27 маусым Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!», — деп жазған ол. Бұдан бұрын Димаш «Славянский базар» конкурсында «Опять метель» әнін орындаған болатын. Осы шығарманы бұдан бұрын