Иманғали Тасмағамбетовтың қызы мен күйеу баласы Ақтөбеде Қазақстанда теңдесі жоқ жастар үйін салып берді

Иманғали Тасмағамбетовтың қызы мен күйеу баласы Ақтөбеде Қазақстанда теңдесі жоқ жастар үйін салып берді

Бүгін Ақтөбеде қаласында жетім балаларға арналып салынған «Мейірім» жастар үйіне Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова келді. Танымал жас отбасы Ақтөбеге Қазақстанда жоқ жастар үйін салып берді. Құрылыс жұмыстары үшін отбасылық бюджеттен 1,5 млрд қаржы жұмсалған. «Мейірім» орталығында 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұратын болады. Қазіргі уақытта онда 88 тәрбиеленуші қабылданған. Мамандар тәрбиеленушілер саны 110-ға жететін айтты. Жастар орталығының 5 корпусы бар.  Жастардың жатын орны, спорт алаңы, шеберханалар бар.

«Орталық туралы ауызымызды толтырып айтуға болады. Қазақстанда осындай әлеуметтік балалар үйі бірінші рет Ақтөбеден ашылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрғандай сезіну керек. Орталық ішінен бірнеше цех ашылды. Балалар жұмыс жасап үйреніп, өздерін дамытса дейміз. Қазіргі заманда жастар масыл болмау керек. Осы балаларды қуантып жатқан сіздерге алғыс айтамын. Рамазан айында жасаған істің сауапбы үлкен», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгінгі күні Ақтөбеде  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1130 бала бар.  Олардың 860-ы қорғаншылық және қамқоршылықта. 80 бала патронаттық тәрбиеде, 190 бала жетім. Осы санаттағы үш мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.

«Мейірім» орталығының тәрбиеленушілерімен кездескен Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласында әлі де бірнеше жоба жасайтынын атап кетті.

«Сәби» қайырымдылық қорының ұсынысымен салынған «Мейірім» жастар орталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті бұл жобаның маңызы зор. Орталықта тек баспана беріліп қана қоймайды. Олардың осы жерден мамандық алуына да жағдай жасалған. Осы бастамамыз әрі қарай дамитынына сенемін. Мұндай орталық Қазақстанда бірінші рет салынды.  Бұл Ақтөбедегі біздің алғашқы жобамыз емес. Мүгедектерге көлік пен бірнеше балалар алаңының құрылысын салып бердік. Бүгінгі шараның біздің қайырымдылық  қорымыздың 15 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуанамыз», — деді Әсел Тасмағамбетова.

 

28 комментариев


  1. Тамаша өте тамаша жақсының жақсылығын айт Нұры тасысын

    Жауап беру

  2. Елге тиесілі ақшаға салып бергеніне кепілдік беремін! Қол шапалақтайтындай, алғыс білдіретіндей жағдай емес!

    Жауап беру

    1. Кайда кимге тиесили болса да салынды го риза болынызшы недовольный болмай

      Жауап беру

    2. Елдің ақшасына жетімдерге үй салып бергендеріне рахмет айтайық! Алла разы болсын! Ақшаны жеп, шетел асып кетпегендеріне рАхмет! Кәмелетке толған соң, жетім балалар далада қаңғып қалушы еді!!! Үй жоқ, жұмыс жоқ!!! Əке-шешесі барлар , əйтеуір əке-шешесімен тұрып, екі қолына бір жұмыс тауып жатады. Осылардан үлгі алып, ауқатты əрбір отбасы халық пен жастар мүддесіне осылай Алла разы болар іс жасаса жақсы болар еді!

      Жауап беру

    3. Каншасы отырғой козі бақырайып барымен бөлісе алмай қателесесің бауырым

      Жауап беру

    4. Елдің ақшасы болсын ,елдін ақшасы болмасын ер азамат елге ,халыққа деп жумсап отыр соның ози ғанибет емеспе ,ойынызды ауыстырыныз

      Жауап беру

  3. Алла разы болсын! Нағыз азаматтар! Иманғали ағаға үлкен рахмет, осындай адал жандар тəрбиелегені үшін! Ақ жол тілеймін! Бақытты болсын! Елге үлгі боларлық іс!
    P. s. Осындай істі қолдап, қуануымыз керек. Керісінше көре алмай, аяқтан шалғанша! Ауыз бірлігіміз мықты болсын бауырлар!

    Жауап беру

  4. Бұл кісілердің әжелері де Шалқар қаласының орталығынан үлкен мешіт салып берген болатын. Алла тағала жұмақтың кілтің нәсіп еткей!

    Жауап беру

  5. Алланың мейірімі жаусын!Үлгі болатын жайт!Көрген тəрбиесі нəтижесін беріп жатыр,Иманғали замандасыма рахмет,ұрпағына жол сілтеп,адамдық қасиетін дарыта білген!

    Жауап беру

  6. Осы Рамазан айында жасап жатырган сауыпты истер!Алла тагаладан кайтсын!

    Жауап беру

  7. Алла риза болсын! «Әке көрген оқ жонар, шеше корген тон пішер»,_ деген осы. Тарбие корген жастар екені көрінеді. Бакытты болыңдар! Коре алмайтындардын өздері келістіре білмейді, бірақ айта береді.

    Жауап беру

    1. Кімнің ақшасы болса да көмек қолын созу ниеті бар жандар екен. Салмаса да ештеңе істей алмайсың. Біреулерге үлгі болсын!

      Жауап беру

  8. Өте керемет! Әсел әкесінің тәрбиесін алғаны көрініп тұр! Жарайсыңдар! Елімізде осындай азаматтар көп болса, жағдайымыз жақсы болар еді!

    Жауап беру

  9. Әселдің әкесі Иманғали ағамыз Атырау қаласында мешіт салған кезінде! Мен өте қуаныштымын, осыны үлгі тұтып қызы мен баласы осындай жақсылық жасап жатқанына!

    Жауап беру

    1. Оң , игі істі қолдау қажет. Бұндай істер ата анасының тәрбиесінен . Қолынан келсе де
      жасай алмай жүргендер қаншама.

      Жауап беру

  10. Осындай елімдеп еңіреген арда азаматармен азамашалар көбейе берсін жақсы отбасынан шықан азаматарғой аман жүріңіздерші. 🙏🙏🙏🙏

    Жауап беру

  11. Әселге көп-көп рахмет. «Сәби» қайрымдылық қорының көмегімен менің қызым оқу оқып, оны яқтады. Әсел, отбасыңа амандық, өзіңе денсаулық тілеймін!

    Жауап беру

  12. Жаксынын жаксылыгын айт -нуры жаусын .

    Жаманнын жаманшылыгын айт-куты кашсын !

    Жаксы айтаиык КАЗАХТАР-агайындар , бауырлар ……

    Жауап беру

  13. Жарайсыңдар, адал іс! Жастардың ақ тілегі қабыл болсын! Əке-шеше жылуын көрменген қанша жас баспана алып риза болды десеңші.
    Бізде өмірі қанағат жоқ қой…көңіл бөлмеңдер.
    Елдің ақшасын құтқарушылар болса, не бітіріп отыр, бұқпантайлап бос сөйлемей іспен көрсетсін!

    Жауап беру

  14. Коздери жаутандап, ата-ана жылуыг кормеген периште балаларга жасаган жаксылыгы ушин Алланын нуры жаусын

    Жауап беру

  15. Өте жақсы қолдайтын іс екен. Осындай азаматтар көп болсын. Басқалар үлгі алсын.

    Жауап беру

  16. Кенес пен Асел ге коп коп рахмет. оркендерын оссин.

    Жауап беру

  17. Оте керемет игі іс. От бастарыңа амандық берсин. Тіл көзден сақтасын. Қазақтың көре алмаушылығынан сақтасын.

    Жауап беру

  18. Жарайсын Асель əкең сені нағыз патриот қыз қылып тəрбиелепті.Өмір жастарың ұзақ болсын .Қайда жүрсеңдерде АЛЛА тек нүрын шашып жүрсін.Қалталы адсмдарға үлгісіңде

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз