маусым 2017

Ақтөбе қаласындағы Ойыл ауданы күндерінің бағдарламасы

30 маусым 2017 жыл.  Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік жерлестерге «Асар» қолдау акциясы (Қурайлы ауылы). 19.00 — Т.Ахтанов атындағы драма театрында Ойыл халық театрының Н.Птушинаның «Свет» әңгімесінің желісі бойынша «Жарық дүние» қойылымы және «Ойылым менің — ойдағы елім!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы. 1 шілде 2017 жыл. 9.00 — «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. — Жастар акциясы; — Концерттік бағдарлама, тағамдар тарту ету. 10.00 — Ақтөбе қаласындағы Шығанақ Берсиев

Ақтөбеде жыл басынан бері 80-нен астам көлік өртке оранды

Ақтөбелік төтенше жағдай департаментінің мамандары өңірде өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отырғандардың көбейгенін айтады. Білім беру орындары да қауіпсіздікке қатысты тиісті талаптарды сақтамай отыр. Мамандар тексерісінен кейін 200-ден аса білім беру орындарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды. Жыл басынан бері 300-ден астам өрт тіркеліп, 4 адам қаза болған. «Өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында болады. Көбі отты қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамайды, электр құралдарын монтаждау кезінде ереже бұзылады. Жыл басынан бері

Ақтөбелік діндарлар рұқсатсыз ашқан "халал балабақша" бойынша әкімшілік іс сот қарауына жіберілді

Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова облыстық мәслихатта есеп берді. Басшы қалада жеке балабақшаларды рұқсатсыз салып алатын кәсіпкерлердің барын айтты. Олардың қатарында рұқсатсыз салынған халал балабақша бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Халал балабақша туралы ақпаратты жауапты мамандар әлеуметтік желі арқылы білген. «Instagram желісі арқылы халал балабақша ашылғандығы туралы жарнама жасалынған. Әлеуметтік желіге жүктелген сурет арқылы балабақша туралы ақпарат алдық. Қалалық білім бөлімі, дін істер басқармасы, терроризмге байланысты

Қандыағаш қаласында шұжық өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды

Жаңа цехтың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Ербол Данағұлов, облысқа қарасты қала және аудан әкімдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Аудан әкімдігінен хабарлағандай, жеке кәсіпкер Әкімжан Есенаманов басқаратын «Қандыағаш Коммерц Групп» ЖШС-і өз жұмысын жуырда ғана бастаған мекеме. Бұл мекеме шұжық өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарумен айналысады. «Цехтағы жабдықтар толықтай шет ел мемлекеттерінен әкелінген. 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Цех жұмысын жүргізу мақсатында

Мұғалжар ауданының 50 жылдығы аясында Сапарбаев пен аудан әкімдері футболдан жолдастық кездесу өткізді

Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Ақтөбе облысы әкімдігі мен облысқа қарасты аудан әкімдерінен құралған командалар Мұғалжар ауданының 20 жылдығы және Қандыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Aktobenewskz тілшісі. Мерекеге орай ұйымдастырылған жолдастық кездесу жоғары деңгейде өтті. Ақтөбе облысы әкімдігінің командасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және департамент басшылары өнер

Қазақстан парламенті демалысқа шықты

Қазақстан парламентінің қос палатасы — сенат пен мәжіліс жұмада екінші сессиясының соңғы отырысын өткізіп, жазғы демалысқа шықты. Палаталардың біріккен отырысында сөйлеген мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин парламент сессия барысында 111 заң жобасын қарап, оның 84-ін мақұлдағанын айтты. Парламент мақұлдаған 84 заң жобасының 66-сына президент қол қойып, қабылданған. Парламенттің біріккен отырысына премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Парламент қыркүйекке дейін демалыста болады. «Азаттық»

Димаш Құдайбергеннің тұңғыш концертінің 5 ерекшелігі аталды

Massaget.kz сайтының журналисі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің тұңғыш концертінің 5 ерекшелігін атап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 27 маусымда «Астана Арена» стадионында өзінің табиғи дарынымен миллиондарды мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты жеке шығармашылық ән кеші өткен еді. Басылым осылайша концерттің бес ерекшелігі деп мына жағдайларды атады: 1. Қазақстанда «Астана Аренаны» алғаш толтырған Димаш болды. Ол бұл кешке 30 мыңнан аса адам жинады, олардың 60 пайызы қазақстандықтар