мамыр 29, 2017

Ақтөбеде мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынбайды

Ақтөбеде мектеп бітірушілер еш кедергісіз кеш ұйымдастыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектеп бітіру кешіне білім ордасы жауапты емес. Яғни, түлек 12 маусымға дейін аттестат алып, мектептен шыққан соң көңілді кеш ұйымдастыра алады. Оған ата-анасы мен түлектің өзі ғана жауапты. «Аттестатты табыстау рәсімі мектеп қабырғасында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Құжатты табыс ету 10-12 маусым аралығында өтуі мүмкін. Ал кеш сол күндерден соң ұйымдастырылса, оған мектеп жауапты емес», — деді Ақтөбе

Ақтөбе облысында бірнеше басқарма басшысы ауысты

Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Елеусінова Бұлбұл Ораққызы «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды. Ол 1976 жылы қыркүйекте туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік және мәдени даму бөлімінде бас маман болып қызмет еткен,

Димаштың концертіне екі аптада 15 мың билет сатылып кетті

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғамдық кеңес алдында ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. Осы орайда министр «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өтетін Димаш Құдайбергеновтің концертіне 15 мың билеттің бірден өтіп кеткендігін қуанышпен жеткізді. Жиында Арыстанбек Мұхамедиұлы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтетін мәдени іс-шараларға қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айта келе, алдағы уақытта өтетін әлемді мойындатқан жас талант Димаш Құдайбергеновтің концертіне тоқталды. «Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 3-курс студенті Димаш

Рақымжан Арыстан, дəрігер: Таныстықты пайдаланып, түнде көмек сұрайтындар бар

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан аурухана мамандарына сенбей, бас дәрігерден көмек сұрайтындардың барын айтты. «Кейде маған адамдар көмек сұрап түнде де хабарласады. «Бізді қарамай жатыр» дейді. Ауруханаға келгенде тексергеннен кейін ғана ем тағайындайды. Талдамалар алудың өзі дәрігердің бақылауында деген сөз. Туыстары бас дәрігер тапсырма берсе, дәрігер аурудың қасында отырады екен деп ойласа керек. Ол мүмкін емес. Бізде 300-ден аса адам жатады. Олардың әрқайсысының қасында отыруға біздің дәрігеріміз

Ақтөбеде 17 жастағы қыз 8 қабаттан секіріп кетті

Оқиға Ақтөбе қаласында түнде тіркелді. Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы үйлердің бірінен  17 жастағы қыз 8-қабаттан секіріп кеткен. Қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиеваның айтуынша, бойжеткен дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Жедел жәрдем қызметі зардап шегушіге көмектесудің мүмкін емес болғанын айтады. Полиция тарапынан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Полицияға 29 мамыр күні түңгі сағат 03:20 шамасында жоғары қабаттан адам құлағандығы туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Nur.kz қолға алған ауқымды жобаның "Белсенді әкім" номинациясында Бердібек Сапарбаев көш бастап келеді

Nur.kz қолға алған ауқымды жобаның «Белсенді әкім» номинациясында Бердібек Сапарбаев көш бастап келеді. Сонымен бірге, «Жыл адамы» номинациясында да алдыңғы қатарда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Соңғы кезде қоғамдық рейтингтерде Алматы қаласының әкімі мен Шымкент басшысы Ғабидулла Әбдрахимов алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Өзге қалалардың тұрғындары онымен келіспейтін секілді. Енді сіздің де өз әкіміңізге дауыс беруге мүмкіндігіңіз бар», делінген хабарламада. Дауыс беру 2017 жылдың 30 қарашасында аяқталады. Дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады

Ақтөбелік депутат: Шілікті мектебінде "бұл сенің анаң отырған парта дегенде көзімнен жас ыршып кетті

Ақтөбелік депутат Бақытжан Ержанов 70 оқушы мен 6 мұғалімге ЭКСПО-ға билет алып берді. Халық қалаулысы тіпті жол шығынын да мойнына алып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бақытжан Ержанов депутат болуды армандамағанын айтады. «Депутаттыққа ұсынған кезде  Шалқар ауданының ауылдарын араладым. Бізге бұған дейін депутат келіп көрмеген деп халық шулап жүр. Шіліктіге келгенімізде халық пойыздың алдына шығып тоқтатты. Бізді ауыл мектебіне әкелді. Қасымдағылардың бәрін жоғары қарай шығарып, мені бірінші қатардың партасына отырғызды.