Ақтөбе облысының бас имамы ораза ұстауға ниет білдіргендерге есте ұстау керек ережелерді түсіндірді

Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 27 мамыр — Рамазан айының алғашқы күні. Облыстық мешіт қызметкерлері ораза ұстауға ниет білдірушілерге есте ұстау керек жағдайларды түсіндірді. Дін қызметкерлері мүбарак айды қайырымды іске, уақытты тиімді өткізуге, құлшылыққа арнауға шақырады.

«27 мамыр күні таңертең сағат 3:09 уақытына дейін ауызымыз берік болу керек. Демек, ораза ұстауға ниет қылғандар осы уақытқа 10 минут қалғанға дейін сәресін ішіп, ауыз бекітуге тиіс. Ораза ұстаушылар таң намазының уақыты мен ақшам намазының уақытын жоспарлайды. Маусым айының 21-нен 22-не қараған түн- қасиетті Қадір түні. Бұл күнде барша мұсылдандар мейлінше құлшылықпен, дұға жасаумен өткізеді. Республикаға ортақ пітір-садақа мөлшері жан басына  300 теңге болып бекітілді. Оны беру 27 мамырдан басталып, айт намазына дейін жалғасады. Пітір-садақаны соңғы күндері беру абзал болады»,- дейді облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан.

«Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы қажылық сапар туралы да айтып өтті. Төлеби Оспан оразадан кейін болатын құлшылық сапарға «Тауаф» қажылық компаниясымен баруға шақырды. Ол арқылы биыл 300 адам баруды жоспарлап отыр.

Ақтөбеде айт намазы 25 маусым күні сағат таңғы 07:00-де оқылады.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз