Димаш Құдайберген Ева Лонгориямен бірге қайырымдылық кешіне қатысты

Танымал жас әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Париждегі өтетін шараға Димашты америкалық актриса Ева Лонгория шақырғаны туралы бұған дейін хабарланған еді.
16 мамырда Франция астанасында болған Гала-кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды.
«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», — деп жазды әнші желіде. Айта кетейік, Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты — көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету. Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірлесіп қызмет етуде.

inform.kz

Пікір қалдырыңыз