Бердібек Сапарбаев әскери қызметкерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

фото: Аймұрат Дәрібай

       Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналғын салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Отан қорғаушыларды құттықтау облыс әкімдігінің алаңында өтті. Шара елордамыз Астанада ұйымдастырылған салтанатты шерудің тікелей көрсетілімімен басталды.

Кейін Қорғаныс министрлігінің, ІІМ бөлімшелері мен шекара әскерлері кіретін  Ақтөбе әскери горнизонының әскерлері мен Ақтөбе заң институты  және Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институты мен әскери-патриоттық клубтардың курсанттары саптық даярлықтарынан өнер көрсетіп, әскери қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды, сонымен қатар спортшылар да көрнекі өнер көрсетіп, қалалық шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама берді.

фото: Аймұрат Дәрібай

Әскерилерді құттықтаған өңір басшысы, оларға күн сайын атқарып жатқан қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

— Құрметті ардагерлер, қадірлі жерлестер, әскери қызметкерлер! Бұл күн барлық қазақстандық үшін ерекше күн. Осыдан 25 жыл бұрын мемлкет басшысының жарлығымен алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның әскері құрылды. Бүгінде Қазақстанның қарулы күштері барлық халықаралық стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған. Мұның бәрі әрине, ел президенті – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Қазақстанның әскердегі қызметкерлері мемлекетіміздің, әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғайды, олар халықаралық міндеттемелерін орындай отыра бітімгерлік миссияларға қатысады. Мемлекетіміздің қорғаныстық күш-қуатын нығайтуда ақтөбеліктер де өз үлестерін қосуда. Жыл сайын өңірімізден екі мыңға жуық бозбала әскерге аттанады. Бейбітшілікті, тыныштықты, тұрақтылықты сақтауға қатысу – әрбір ақтөбеліктің борышы. Аға ұрпақтың борышы – жас қазақстандықтарды еліне берілген, тарихты білетін және халқының салт-дәстүрін сыйлайтын  нағыз патриот етіп тәрбиелеу. Ардагерлерге денсаулық пен ұзақ ғұмыр, сарбаздар мен офицерлерге қызметте жеміс тілеймін. Отан қорғаушылар күні бейбіт әрі көңілді болсын, — деді Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде.

фото: Аймұрат Дәрібай

Белгілі болғандай, Қазақстанда 1992 жылға 7 мамырдан бері «Отан қорғаушылар» күнін мерекелейді. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан президенті, жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Отан қорғаушылар күні – бұл мемлекеттік мереке, соған сәйкес 7 мамыр демалыс күні болып есептеледі.

 

Пікір қалдырыңыз