Алға ауданының жастары интернетте сақ болу жолдарын үйренді

imagepr
cdu174.ru

Алға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай шара кез келген интернет қолданушыға керек. Өйткені, өмірімізге дендеп кірген интернетте де өз ережелері мен тәртіптері бар.

«Соңғы жылдары елдегі заңнамаларға, соның ішінде қылмыстық, азаматтық кодекстерге өзгертулер енгізілді. Жаңа баптар пайда болды. Әлеуметтік желідегі әрбір сөзің үшін жауап бересің. Тіпті, кейбірі жауапқа  тартылып, сотталып кетіп жатыр», — дейді ұйымдастырушылар.

Шара барысында, елдің зәресін ұшырған «Көк кит» туралы да сөз болды. Мұндай ойындардан аулақ болу үшін не істеу керектігі егжей-тегжей айтылды.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдырыңыз