Түркия президенті өкілеттілігі кеңейіп, елде өлім жазасы қайта енгізіледі

Түркиядағы   Халықтық республикалық  партия мен күрдтерді қолдайтын  Халықтар демократиясы партиясы  жексенбі күні өткен   референдум қорытындысына қарсылық білдірді.

Сурет wordyou.ru сайтынан

16 сәуір күні Түркияда  президент өкілеттілігін кеңейту  және  өлім жазасын  қайта енгізу  туралы   бүкілхалықтық референдум өтті. Anadolu  агенттігінің хабарлауынша,  дауыс бергендердің 51,2 % -ы  президент өкілеттілігін кеңейтуді жақтаса,  48,8 %-ы  қарсы болған.

Алайда елдегі  оппозициялық қос партия  жетекшілері  дауыс беру қорытындысы бұрмаланды деп есептейді.

Medyafaresi  басылымының хабарлауынша, 16 сәуірде Стамбул, Измир, Анкарада  Ердоғанның  өкілеттілігін кеңейтуіне қарсы шерулер өтті.  Темір кастрюльдер мен  табалармен көшеге шыққан   жұрт қолдарындағыларын соққылап,  қарсылық шеру  өткізді.

Реджеп Ердоған референдумдағы жеңісін жариялап үлгерді. Түркия парламенттік басқарудан президенттік басқаруға көшсе,  2029 жылға дейін Ердоған биліктен кетпейді және елге өлім жазасы қайта оралады.

Пікір қалдырыңыз