Ақтөбеліктер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын соза бастады

IMG-20170416-WA0064
Қазір ақтөбелік белсенділер бір ауыздан көмек қолын созуда. Баспанасы су астында қалып, мектеп ғимараттарына көшірілген тұрғындар кез келген көмекке зəру, деп хабарлайды Aktoenews.kz тілшісі.
«Табиғат апатынан қиын жағдайда қалған жерлестерімізге көмек көрсетейік. Үйлерінен ештеңе алмай шыққан тұрғындар қандай болсын көмекке зəру. Балалардың іш киімдері, дəретхана қағазы, төсек жаймалар жеткізсеңіздер жақсы болады. Көмекті үйіңіздің жанындағы кез келген мектепке апарып тапсыруға болады. Сіз жасаған көмек тұрғындар паналап отырған мектептерге жеткізілетін болады», — деп  хабарлайды белсенділер.
Көмек көрсету жұмыстарына мешіт қызметкерлері де белсене араласып жатыр.
«Ақтөбедегі су апатына байланысты «Нұр-Ғасыр» мешітінің жанындағы «Зекет» қорының өкілідігі зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын бастап кетті. Құрметті бауырлар, шама келсе қаржылай, тамақтай, киімдей əкеліп тапсыруларыңызға болады», — дейді мешіт жанындағы Зекет қорының өкілі  Дəмен Өмірбек.
Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз